04.07.2023 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНДАРДЫ ТАПСЫРУҒА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАУ 7-ШІЛДЕДЕ АЯҚТАЛАДЫ С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Лейла Байжұманова шығармашылық емтихандарды тапсыруға өтініштерді қабылдау мерзімі 7 шілдеде аяқталатынын еске салды. Шығармашылық емтихандар қажет білім беру бағдарламалары: «6В01403 Бастапқы әскери дайындық», «6В01401 Дене шынықтыру және спорт», «6В01405 Сауықтыру дене шынықтыру», «6В01404 Музыкалық білім», «6В01402 Кәсіптік оқыту, көркем еңбек және графика», «6В03201 Журналистика», «6В02203 Дінтану және философия». Жауапты хатшының айтуынша, жиырмасыншы маусымда басталған өтініштерді қабылдау үш күннен кейін аяқталады. - Талапкерлер ескеру керек басты нәрсе – белгілі мамандыққа грантқа тапсыруға ниетті абитуриент таңдаған университетте ғана шығармашылық емтихан тапсырады. Яғни, шығармашылық емтиханның екі кезеңі де сол оқу орынында өтеді. Мемлекеттік білім беру грантына үміткер ретінде байқауға қатысамын деген жастар шілде айына дейін болған ҰБТ нәтижесінің бірінің сертификатымен қатысады. ҰБТ нәтижесі бойынша екі пәннің көрсеткіші есепке алынады, - дейді Лейла Байжұманова. Ал, қаңтар, наурыз және тамыз айында өткен ҰБТ нәтижесімен оқудың тек қана ақылы түріне тапсыруға мүмкіндік бар. Ақылы тапсыруға ниеттілер кез-келген университетке құжаттарын өткізе береді. - Әсіресе, алыс аудандар, шалғай ауылдардан келетін абитуриенттерді, олардың ата-аналарын құлаққағыс етеміз. Үш күнде ел бойынша өтініш қабылдайтын база жабылады. Ары қарай 8 шілдеден бастап емтихандарды тапсыру басталады, - деді жауапты хатшы. Тағы бір айта кетерлігі, С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да педагогикалық және заңгерлік бағыттағы мамандықтар үшін бекітілген шекті балл 75 балл. Оған қоса бес пәннің әрқайсысы 5 баллдан төмен болмау керек. Ал, экономикалық, ғылыми бағыттарға және басқа да мамандықтарға шекті балл 50-ді құрайды. Елу баллдан жоғары нәтижесі бар жастар мемлекеттік грант алу байқауына да, ақылы оқуға да құжаттарын тапсыра алады. View the full image View the full image View the full image View the full image