28.05.2021 Соңғы үш жылда ШҚУ-да ғылымды қаржыландыру 10 есеге артты С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да соңғы үш жыл ішінде ғылымды қаржыландыру 10 есе өсіп, 1 млрд 163 млн теңгені құрады, ал 2017 жылы бұл сома 110 млн теңгені құраған-ды. Жоғары оқу орны ғалымдарының гуманитарлық саладағы, машина жасау, материалтану, энергетика, биотехнология салаларындағы жетістіктері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді. Үш жыл ішінде университет оқытушыларының, ғылыми қызметкерлерінің жарияланымдық белсенділігі сияқты ЖОО-ның ғылымиметрикалық көрсеткіштері де өсті. 2020 жылы Scopus және Web of science-тегі ғылыми журналдардың деректер базасында жарияланған мақалалар мен патенттердің көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 61,2%-ға артты. Жас ғалымдардың қызметін ынталандыру үшін университет жыл сайын "Жылдың үздік оқытушысы", "Жылдың үздік жас ғалымы", "Мамандық бойынша үздік студент", "Жылдың үздік ғылыми үйірмесі" конкурстарын, "Жас талап" және "Ғылым граниті" ғылыми жобалар конкурстарын өткізеді. Жас оқытушылар үш жыл бойы "Жылдың үздік оқытушысы" республикалық байқауының жеңімпаздары атанып келеді. Университет талантты жас ғалымдарды тарту саясатын белсенді жүргізеді және үш жыл ішінде ЖОО-ға ғылыми жобалар мен инновациялық технологиялар әзірлемелерінде үздік нәтижелер берген 10-нан астам PhD докторлары жұмыс істеуге келді. Университет ғылымының беделін арттыру бойынша ұжымның жұмысы тек аймақтың ғана емес, бүкіл елдің ғылымы мен ғылыми жетістіктерінің дамуына әсер етуде. Баспасөз қызметі View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image