26.07.2023 СТУДЕНТТЕР ҮЙЛЕРІНДЕ АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА Жақында ғана Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек студенттер үшін жайлы өмір сүру жағдайларын жасаудың маңыздылығын және орын тапшылығы мәселесін шешудің өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар, ол студенттік жатақханаларды салу және жаңғырту бойынша жобаларды табысты іске асыру үшін университеттермен белсенді серіктестік қажеттігін білдірді. С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да Студенттер үйі мәселесі әрқашан алдыңғы қатарда. Ректор Мұхтар Төлегеннің бұйрығымен ЖОО-да үй жайларды абаттандыру бойынша тұрақты жөндеу жұмыстары жүргізілуде. – Студенттер үйлерінде жылыту жүйесі және жуыну бөлмелеріндегі шойын радиаторлар алюминий радиаторларға ауыстырылып күрделі жұмыс атқарылды. Оқу ғимараттары мен жатақханаларда пандустар жасалды. №4 және №5 студенттер үйінде қасбет боялып, жаңа терезелер қойылып, суағарлар қойылды. Бірінші қабаттың кіреберісі жаңартылды. Сондай ақ, барлық жатақханада дәретханалар мен баспалдақ алаңдары жөнделді. Бұл орындалған және жоспарланған жұмыстың аз бөлігі ғана, - дейді Мұхтар Төлеген. Шаруашылық департаменті қызметкерлерінің ақпараты бойынша, 2023 жылғы ағымдағы жөндеу барлық студенттер үйлерін қамтиды. Бүгінгі таңда №4 жатақхананың шатыры жөнделді. №1 студенттер үйінде жуыну бөлмесін жөндеу жұмыстары аяқталуда. - Студенттер тұратын бөлмелер де жаңартылуда. Оқу маусымы басталғанға дейін бөлме қабырғалары ағартылады. Жылыту жүйесіне баса назар аударылған. Қажет болған жағдайда жұмыскерлер жылыту радиаторларын ауыстыруда. Қыркүйек айында білім алушылар жайлы орындарына жайғасады, - дейді Шаруашылық департаментінің басшысы Болатбек Айменов. Азаматтар үшін қолайлы әлеуметтік жағдай жасау және инфрақұрылымды дамыту бойынша ауқымды жұмыс – мемлекет пен оқу орыны үшін өзекті міндеттердің бірі екенін айта кетейік. View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image