02.03.2023 СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖҰМЫС БЕРУШІМЕН ӨНДІРІСТЕ КЕЗДЕСУІ Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының студенттері «Найза» ЖК кәсіпорнына барды. Айта кетейік, кәсіпорын компьютерлер мен ноутбуктерді жөндеуге бағытталған, сонымен қатар техникалық білім беру бағдарламалары студенттерінің өндірістік тәжірибесінің базасы болып табылады. Кәсіпорын директоры және Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ түлегі Н.Хаби студенттерге экскурсия өткізді. Олар сандық бағдарламамен басқарылатын станоктардың жұмысымен, көрсеткіштерді өлшеу процесімен және компьютерлер мен ноутбуктердің аппараттық бөліктерімен танысты. «Ақпараттық жүйелер» және «Компьютерлік мехатроника» білім беру бағдарламаларының білім алушылары станокты басқару процесін іс жүзінде зерттей алды. View the full image View the full image View the full image