03.07.2023 ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН КӨРМЕ С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Б. Мамраев атындағы Ғылыми кітапханасы күй тарихы, күй өнері туралы көптеген мағлұмат беріп, әдебиеттерді ұсынатын көрме ұйымдастырды. Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, домбыра – қазақтың өте шебер философиялық аспабы, шебер қолдан шыққан домбыра үні адамгершілік сезімдерге толы толқу, тебіреністерді жеткізе алады. Домбыра – асыл мұра. Қазақ музыкасының дамуына зор үлес қосқан композитор Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Жаяу Мұса, Дина Нұрпейісова, Кенен Әзірбаев, Нұрғиса Тілендиев және тағы басқа көптеген өзінің жеке стилистикасы, мектебі, дәстүрлері бар жарқын есімді тұлғалардың еңбектері бізге жеткен. Домбыраны айнымас серік еткен, әншілер Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Жамбыл, Әміре және тағы басқа көптеген атақты әншілер мен ақындар халқымыздың бетке ұстар тұлғалары. Сондықтан, аспапты әспеттеу, жалпы қазақ музыка өнеріне сүбелі үлес қосқан тұлғалар туралы мағлұматтар ұсыну маңызды. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері қазақтың 1000 күйі түсірілген «Қазақ өнерінің антологиясы» атты жинақтың маңызына тоқталып өтіп, қазіргі күні оған қызығушылық білдірушілер қатары көп екенін атап өтті. Олардың айтуынша, халқымыздың бұл өнері бүкіл әлемге танылып, беделіміздің асқақтауы ұрпақтың мәдени дамуы мен рухани байлығы үшін аса маңызды. View the full image сурет ашық дереккөзден алынды