27.06.2023 УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАРДА ЖАРИЯЛАНУДА ШҚУ оқытушылары, докторанттары мен магистранттардың ғылыми жұмыстары халықаралық ғылыми журналдарда тұрақты түрде жарияланып келеді. Ғылыми-зерттеу жұмысының сәтті орындалуының бір көрсеткіші негізгі ғылыми тұжырымдамалардың айтулы халықаралық ғылыми журналдарда жарыққа шығуы. Scopus және Web of Science халықаралық базаларындағы Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ профилінде 300-ден астам жарияланым бар. 2022 жылдың басынан 2023 жылдың маусым айына дейін жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша университет ғалымдары шетелдік ғылыми басылымдарда индекстелген 83 мақала жариялады. Университетте зерттеу нәтижелерін жариялау бойынша белсенді жұмысты ары қарай дамыту үшін ғалымдарды ынталандыру және қолдау жүйесі де бар бар. ПОҚ, қызметкерлерді, докторанттарды, магистранттар мен студенттерді ынталандыру мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссияның шешіміне сәйкес Scopus және Web of Science дерекқорларына кіретін ғылыми журналдарда жарияланымдардың нәтижелері бойынша келесі қызметкерлер бюджеттен тыс қаражат есебінен ынталандырылды: 1. Шолпанбаева Қаншаим Жусуповна – 66-процентиль, Q3; 2. Әубәкірова Роза Аблакимовна - 77-процентиль, Q3; 3. Есполова Гүлден Қалиолдановна - 63-процентиль; 4. Әлімхан Айгүл Әсетқызы – 36-процентиль. Ғылым және инновация бөлімі View the full image View the full image View the full image