13.03.2023 УНИВЕРСИТЕТ ГРАНТЫН ӨСКЕМЕНДІК ОҚУШЫ ИЕЛЕНДІ Университет базасында Шығыс Қазақстан облысының 10-11 сынып оқушыларына арналған "Алтын түлек" республикалық математикалық олимпиадасы өтті. Оны "Дарын" ғылыми-практикалық орталығының және "Зерделі" білім беру орталығының қызметкерлері ұйымдастырды. Олимпиадаға шығысқазақстандық 50 оқушы қатысты. Шараның негізгі мақсаты – балалардың математикаға деген қызығушылығын дамыту. Қазылар алқасының құрамында С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың математика кафедрасының оқытушылары Айбек Бакишов, Зухра Сатпаева және Жадра Жақсылықова болды. Олимпиаданың екінші турының қорытындысы бойынша бас жүлдеге Өскемен қаласының № 15 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Нұрсұлтан Аманжанов ие болды. Жеңімпазға Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің төрт жылдық оқу гранты берілді. Маркетинг, мансап және жұмыспен қамту орталығы View the full image View the full image View the full image