04.08.2023 УНИВЕРСИТЕТ ОҚЫТУШЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЛТАЙТАНУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА БАЯНДАМА ОҚЫДЫ Астана қаласында шілденің 30-ы мен тамыздың 4-і аралығында Назарбаев университетінің жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар мектебі мен Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен 65-ші Халықаралық алтайтану конференциясы (PIAC) болып өтті. Айта кетейік, бұл шара тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Конференцияға Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының сениор лекторы Раушангүл Мұқышева қатысып, «Түркі мақалдарының ерекшеліктері және олардың Еуропа тілдеріндегі баламалары» атты тақырыпта баяндама оқыды. Қазақстандық жоғарғы оқу орындарынан Назарбаев университетінен басқа Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің, Е. Букетов атындағы Қарағанды университетінің ғалымдары қатысты. Конференцияға АҚШ, Германия, Жапония, Франция, Қытай, Венгрия, Финляндия, Түркия, Малайзия, Чехия мемлекеттерінен алтай халықтарының тілі мен мәдениетін, тарихын зерттейтін ғалымдар қатысты. Конференция Президенті Назарбаев университетінің Қазақ тілі және түркітану кафедрасының меңгерушісі, профессор Юлай Шамилоғлу мен конференцияның бас хатшысы Оливер Корфф ғылыми шараның мән-маңызы зор екендігін атап өтті. View the full image View the full image View the full image View the full image