03.08.2023 УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІН ЖАН-ЖАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ Университеттегі тәрбие жұмысы болашақ мамандарды даярлау ісінің ажырамас бөлігі әрі басым бағыттардың бірі саналады. ЖОО-дағы Студенттік өзін-өзі басқару – бұл студенттерге университетті басқаруға және оларды ұйымдастыруға қатысуға мүмкіндік беретін оқу-тәрбие процесінің элементі. Студенттік өзін-өзі басқару органдарына: жастар ісі жөніндегі комитет, жоғары мектептер жанындағы Студенттік парламент, «Жастар Рухы», «Ділмар» пікірсайыс клубы, «Парасат» зияткерлік клубы, «Шамшырақ» шығармашылық клубы, «Көркем» қыздар клубы, «Жаңа Өскемен» көңілді тапқырлар клубы, «Мейірім» еріктілер клубы, «Ақбозат» шахмат клубы, «Саналы ұрпақ» спорт клубы, «Семсер» жас ақындар мектебі және «Шабыт» студенттік театры жатады. Апта сайын студенттердің көшбасшыларымен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсартуға бағытталған кеңестер мен ұсыныстар талқыланатын жиындар өткізіледі. Amanzholov University студенттердің академиялық біліміне ғана емес, адами құндылықтарды тәрбиелеуге де көп көңіл бөледі. Оқу жылының басынан бері университетте 50-ден астам шара өткізілді. Студенттердің айтуынша, бұл оларға әрдайым оң әсер етеді. Қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздері туралы дәрістер циклы ұйымдастырылды. Мақсатты профилактикалық жұмыс «Студенттік ортада АИТВ-инфекцияларының алдын алу жөніндегі бағдарлама», «Студенттік ортада құқық бұзушылықтардың алдын алу және бағдарламасы», «Студенттік ортада темекі шегудің, есірткіге және алкогольге тәуелділіктің алдын алу жөніндегі бағдарлама» негізінде бірқатар шара жүзеге асырылды. Нақты ұйымдастырушылық-басқарушылық құрылымы, материалдық-техникалық базасы, қаржыландыруы және басшылықтан қолдауы бар университеттің тәрбие жұмысы әрқашан оң нәтиже көрсетеді. View the full image