16.08.2023 УНИВЕРСИТЕТ СУ РЕСУРСЫН САҚТАУДЫ ҚОЛҒА АЛУДА Қазіргі уақытта судың ластану мәселесі әлемнің барлық елдері үшін ең өзекті болып табылады. Атап айтқанда, Қазақстан үшін де үлкен мәселелердің бірі, өйткені ауданның көп бөлігін шөл және шөлейт аймақтар алып жатыр. Сондықтан еліміз су көздерінің мөлшері аз аймақтар қатарына жатады. Мәселенің өзектілігі мен маңыздылығын түсінген ел ғалымдары ауқымды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Аманжолов атындағы университет базасында жұмыс істейтін Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхананың ғылыми қызметкерлері де бар. Қазіргі уақытта ғалымдар суды тиімді сүзгілеуге арналған композициялық материалдарды жасаумен айналысуда. Сонымен қатар, экологиялық мәселені шешу мақсатында университетте «Гидроэкология, менеджмент және трансшекаралық су қауіпсіздігі» атты жаңа білім беру бағдарламасы әзірленді. Бұл мамандықтың түлектері су қауіпсіздігі мәселелерімен айналысады, жаңа цифрлық технологияларды қолдану арқылы су тұтыну жүйесін модернизациялайды, геоақпараттық технологиялары мен химиялық талдаудың заманауи әдістерін біріктіреді. С.Аманжолов атындағы ШҚУ жоғары білікті мамандарды дайындап, алдағы уақытта экомәселенің шешілуіне ықпал етеді. View the full image