01.08.2023 УНИВЕРСИТЕТКЕ ИНТЕГРАЛДЫ GPA-НЫ СӘТТІ ЕНГІЗУ С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті жаңа GPA моделін пилоттық іске қосу үшін таңдалған елдегі төрт оқу орынының бірі. Оған әр оқушының зерттеу (IROS) және әлеуметтік белсенділігі (SCI) кіреді. Бұл тәсіл академиялық білім мен жеке қасиеттерді жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді. Эксперименттік жобаға барлығы 887 студент қатысты. Зерттеу құзыреті – зерттеу жүргізудегі және жаңа жобаны құрудағы білім мен дағдылардың жиынтығы. Белсенді әлеуметтік ұстаным дегеніміз – еріктілер қызметі, университеттің қоғамдық өміріне қатысу, салауатты өмір салтын насихаттау, шығармашылық жобаларға қатысу және дебат қозғалысын насихаттау деген сөз. Студенттерді бағалаудың жаңа жүйесі материалдық ынталандыруды да қамтиды. Осылайша, ЖОО-да төрт атаулы стипендия, халықаралық жинақтарда мақалалар жариялағаны үшін 11 ақшалай сыйақы және ғылыми конференцияларға қатысқаны үшін 16 өтемақы тағайындалды. Студенттердің әлеуметтік белсенділігі үшін марапаттар мен оқу ақысы бойынша 135 түрлі жеңілдіктер берілді. Енгізу нәтижелері бойынша жоба азаматтық белсенділікті қалыптастыру және ғылыми қызметке тартуда оң әсер етеді, дейді университет қызметкерлері. View the full image