15.03.2023 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ Психология және коррекциялық педагогика кафедрасында «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында ашық сабақ өтті. Дәрісті «Дефектология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері тындады. Кафедраның аға оқытушысы және спикер Қымбат Қанапиянованың айтуынша, практикалық сабақ маңызды жағымды сәтті көрсетті – тақырыпты меңгеру мақсаттан нәтижеге дейін жобаланады. Айта кетейік, Қымбат Қанапиянова Brine strong, Fishbone, Венн диаграммалары сияқты тиімді жұмыс әдістерін қолданады. Сабақ барысында білім алушылардың кезеңдік дербес интеллектуалдық-танымдық және рефлексиялық әрекеті сәтті ұйымдастырылды, сондай-ақ «Звездочки на Земле» фильміне талдау жасалды. View the full image View the full image