22.06.2023 ЖАҢА ДЕҢГЕЙДЕГІ ПЕДАГОГТАР Университеттің Жоғары педагогика мектебінің базасында екі жаңа білім беру бағдарламасы ашылды. Атап айтқанда, «Эрго-педагогика» және «Ерте қолдау педагогикасы». Мамандықтарға түсуге ниет білдірген талапкерлер үшін шекті өту балы 75 баллды құрайды. Бейіндік пән «биология-география». Түлектер осы білім беру бағдарламаларын меңгеріп мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына, оңалту орталығының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріне, дамыту орталықтарына, емханаларға, балалар үйлеріне, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарына жұмысқа орналаса алады. Ерте қолдау мұғалімі ерте жастағы балалармен олардың психофизикалық даму ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс істейді. Білім беру бағдарламасы мемлекетке арнаулы білім беруге және институционалдық мекемелерді ұстауға арналған шығыстарды қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл педагогика, психология, медицина, түзету әсері және басқа да көптеген ғылыми салаларды қамтитын пәнаралық бағдарлама. Эрго-мұғалім нормотиптік баланы да, даму ерекшеліктері бар баланы да дамуында сүйемелдей алады. Баланы күнделікті әрекеттерді ешкімнің көмегінсіз орындауға, табысты болуға және әлеуметтенуге үйретеді. View the full image