13.07.2023 ЖЕТІ ОБЛЫС ӨКІЛДЕРІНЕ «DANA BALA» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ «Dana bala» орталығында «Инклюзивті білім берудің Шығыс Қазақстан облысындағы рөлі» семинары аясында қатысушылар үшін экскурсия ұйымдастырылды. Ауқымды семинарға Қазақстанның жеті облысынан келген Білім басқармаларының өкілдері қатысуда. ШҚО Білім басқармасы арнайы дайындаған бағдарламаға С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы да енген. - Мұндай орталық Қазақстанда теңдесіз болған соң, жұмысымен танысуға ниетті мамандар көп. Әсіресе, бүгінде инклюзвиті білім беру саласы дамып келе жатқан соң, мұндай шаралардың маңызы зор. Қонақтарға орталықтағы БОС-терапия, электроэнцефалография, полиграф, «МастерГраф» графикалық редакторы, «Дельфа» компьютерлік сөйлеу тренажёрлары, интерактивті логопедиялық үстел жұмысы таныстырылып, қызметі көрсетілді, - дейді «Dana bala» Үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының басшысы Алима Алипова. Бұған қоса, қонақтарға профессор-оқытушылар құрамының әдістемелік және ғылыми еңбектері, оқытушылармен бірлесіп дайындалған студенттердің Startup-жобалары таныстырылды. Павлодар облысынан келген Күміс Сайлькенованың айтуынша, «Dana bala»-ның тағы бір атап өтерлік маңызы -дайын болашақ мамандарды дайындай алуында. - Орталық студенттерге ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеп, дағдыларын дамытуға септігін тигізеді. Яғни, практикалық мәні ең басты жетістік. Бұл жерде іс-тәжірибеден өтіп, қажет білімді жинағаннан кейін нағыз маман болып шығады, - деді түзеу кабинетінің әдіскері Күміс Сайлькенова. Сонымен қатар, университет пен колледжде оқытылатын практикалық сабақтар барысында қолданылатын материалдық база да қонақтарға көрсетілді. View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image View the full image