21.08.2023 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті жоғары оқу орнынан кейінгі "Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтерді даярлау" білім беру бағдарламасын табысты іске асыруда. Қазіргі уақытта университеттің докторантурасында осы бағытта оннан астам адам оқиды. Оқу соңында олар ШҚУ диссертациялық Кеңесіне бітіру жұмыстарын ұсынады. Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҰӘҚ ғылым және жоғары білім саласындағы бақылау комитеті төрағасының 2023 жылғы 15 тамыздағы №394 бұйрығымен "С.Аманжолов атындағы ШҚУ" КЕАҚ -да "Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау" (Физика - 6в01502/8D01502, Химия - 6В01504/8D01504) бағыты бойынша диссертациялық Кеңес ашылды. Оның тұрақты мүшелері - еліміздің танымал ғалымдары. Атап айтқанда, ф.м. ғылымдарының докторы, профессор М.К. Скаков, PhD докторы Б.А. Құрбанбеков , п. ғ. к., қауымдастырылған профессор И.В. Афанасенкова және п.ғ.к., доцент А. Р. Нұрахметова. View the full image