20.07.2023 ЖОО ҒАЛЫМДАРЫ ТОҒЫЗ ГРАНТТЫҚ ЖОБАНЫ ЖЕҢІП АЛДЫ С.Аманжолов атындағы ШҚУ ғалымдары 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған байқау шеңберінде жалпы сомасы 740 470 169 теңгені құрайтын 9 жобаны жеңіп алды. Оның ішінде «Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар» басым бағыты бойынша үш жоба, «Энергетика және машина жасау», «Білім және ғылым саласындағы зерттеулер» бағыттары бойынша екі жобадан, «Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар» мен «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер» бағытында бір-бір жобадан жеңді. С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да ғылыми әлеуетті дамыту бірнеше негізге сүйенеді. Атап айтқанда, жас ғылыми кадрларды тарту, ұрпақтар сабақтастығы, заманауи материалдық-техникалық базаны жаңғырту, қалыптасқан ғылыми мектептерді дамыту және жаңа прогрессивті бағыттарды құру, өнеркәсіптік аймақтың міндеттеріне назар аудару. Айта кетейік, біздің ЖОО-ның маңызды артықшылықтарының бірі зерттеу гранттары мен коммерцияландыруға арналған гранттардың ішкі бағдарламаларының болуы. Университет ғалымдарын шын жүректен құттықтаймын, - дейді ЖОО ректоры Мұхтар Төлеген. Гранттық қаржыландыруға арналған ауқымды байқаудың жеңімпаздары аға ғылыми қызметкер, ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Альмира Жылқашинова, аға ғылыми қызметкер, PhD, қауымдастырылған профессор Лайла Журерова, қауымдастырылған профессор, PhD докторы Ботагөз Баймұхамбетова, сеньор-лектор, PhD докторы Гүлден Есполова, қауымдастырылған профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Жанна Әубәкірова және қауымдастырылған профессор, техника ғылымдарының кандидаты Мұратқан Мадияров. View the full image