07.04.2023 «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМЫ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ ӨТТІ С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да ғылыми қызметкерлер арасында жаратылыстану-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар бойынша дәстүрлі байқау басталды. Биыл байқауға үздік атануға үміткер тоғыз жас ғалым қатысты. Екі конкурстық кезең барысында қатысушылар қазылар алқасының мүшелеріне зерттеген ғылыми еңбектерінің өзектілігін, ерекшелігін, перспективтілігін және нәтижелерін көрсететін баяндамалар мен презентациялар ұсынды. Спикерлерге жоғары оқу орнының ғылыми қоғамдастығының өкілдері – химия кафедрасының профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Роза Әубәкірова, математика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Мұратқан Мадияров және экология және география кафедрасының қауымдастырылған профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Анатолий Цыганов баға берді. Жобаларды қорғаудың екінші күнінде университеттің алты жас ғалымы қоғамдық-техникалық бағыттың кең ауқымын қамтитын өзекті жұмыстарын ұсынды. Соның ішінде Дарын Байжан «Детонациялық бүрку әдісімен биоүйлесімді кальций-фосфат жабындарын қалыптастыру», Нұртөлеу Мағазов «Ультрадыбыстық нанокристалды беттік модификацияның (UNSM) және электролиттік плазмалық беттік модификацияның (EPSM) AISI 52100 болат бетінің қатаюына әсері», Мәуліт Алмасбек «Дәл егіншілік технологияларына негізделген агротехнологиялық шешімдерді қабылдауды қолдау әдістерін зерттеу және әзірлеу», Айым Набиолдина «Детонациялық бүрку арқылы алынған градиентті көп қабатты жабындардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеу», Айзада Куспанова «Креативті ойлау мен ми асимметриясының байланысы», Назым Қабдрахманова «Жоғарғы Ертіс алабының геожүйелерін анықтау және картаға түсіру тұжырымдамасы, олардың жүйелік құрылымы» тақырыптары бойынша баяндамаларын қорғады. Қазылар алқасы мүшелерінің айтуынша, ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстары ауқымды, сапалы және әрі қарай коммерцияландыру үшін перспективалы болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, байқау нәтижелері 2023 жылдың 12 сәуірінде Ю.К. Уәлиевтің 100 жылдығына арналған IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда жарияланады. View the full image View the full image View the full image