One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
ӨСКЕМЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ - ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДИРЕКТОРЛАРЫ МЕН РЕКТОРЛАРЫ
Төлеген Мұхтар Әділбекұлы
Төлеген Мұхтар Әділбекұлы 1980 жылы 16 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында педагогтар отбасында дүниеге келді.
1997 жылы №1 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті үздік бітірді. 1997 - 2001 жж. аралығында Қазақ мемлекеттік заң университетінде (Алматы қ.) білім алды. 2001 жылы сол жоғары оқу орнының тергеу-криминалистік факультетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік түлегі атанды.
2001 - 2003 жж. аралығында ҚазГЗУ Солтүстік-Қазақстан заң институтында (Павлодар қ.) әртүрлі қызметтер атқарды: ұйымдастыру-кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің бірінші санаттағы маман-аудармашысы, заңгері, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, қылмыстық-құқықтық және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы.
2002 - 2006 жж. аралығында ҚазГЗУ Мемлекет және құқық институтында аспирантурада оқыды. 2006 жылдың қазан айында «Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықтың алдын алуды ақпараттық қамтамасыз ету» тақырыбында кандидаттық диссертацияны сәтті қорғап, «12.00.08 - қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық-атқару құқығы» мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.
2003 - 2006 жж. аралығында ҚазГЗУ Алматы заң Академиясында қызмет атқарды: ректор көмекшісі, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы, ҚазГЗУ ғылыми бөлімінің бас маманы.
2006 - 2007 жж. аралығында ҚазГЗУ Құқық және экономика колледжінің құқықтық пәндер бөлімі меңгерушісі болды.
2007 жылдың маусым-тамыз айларында Алматы қ. Бостандық ауданының №169 сайлау учаскесінің төрағасы болды.
2007 - 2008 жж. аралығында ҚазГЗУ Алматы заң Академиясының кәсіпкерлік құқық және қаржы факультетінің деканы (Алматы қ.).
2008 - 2012 жж. аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитетінде қызмет атқарды: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитеті ректорының кеңесшісі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитеті халықаралық қатынастар факультеті деканының оқу және әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары (Алматы қ.).
2012 жылдың 26 қаңтарынан 2016 жылдың 24 мамырына дейін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры.
2016 жылдың 24 мамырынан бастап 2017 жылдың 7 сәуірі аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ректор Аппаратының басшысы.
2017 жылдың 07 сәуірінен 2018 жылың 29 қаңтары аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің инновациялық жұмыс және стратегиялық даму проректоры.
2018 жылдың 29 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №7-жқ бұйрығына сәйкес С.Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды.
2011 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (ҚР БжҒМ 30.06.2011ж. ДЦ №0002253 шешімі) ғылыми атағын алды. 2018 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағын алды. (ҚР БжҒМ 04.09.2018ж. шешімі, №1426 бұйрық). Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аға лейтенанты.
Оның «Қылмыстылықтың алдын алу» (Алматы, 2009), «Жоғары оқу орындарындағы құқықтық тәрбие», «Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі» (Қостанай, 2014) атты 3 оқу құралы және «Қылмыстылықпен күресудегі мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өзара әрекеттестік мәселелері» атты монографиясы (Қостанай, 2014), 70-тен аса ғылыми мақалалары жарияланды. Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Туркияда, Германияда, Беларуссияда, Ресей Федерациясында («Іssues of state organs, social organizations and mass media interaction in struggle against crime in the Republic of Kazakhstan» Middle East Journal of Scientific Research журналы (Scopus, index, 2,0) ғылыми басылымдарда мақалалары бар.
2012 жылы Шығыс-Еуропа құқығы Мюнхен институтында (Германия), 2013 жылы Валенсия политехникалық университетінде (Испания) ғылыми тағылымдамадан өтті. 2014 жылдың 9-26 маусымы аралығында «Назарбаев университеті» ДББҰ мен Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінде (Сингапур) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары басшыларының біліктілігін арттыру курстарынан өтті. 2019 жылы наурыз айында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (Алматы қ.) «Білім саласының менеджері» курсынан өтті.
2012 жылдан бері Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің, ЕурАзЭҚ Білім беру бойынша Кеңестің интеграциялау Комитетінің (Минск қ.) мүшесі.
2012-2016 жылдары аралығында «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі, 2018 жылы ШҚО бойынша «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің мүшесі. 2018 жылы ШҚО бойынша «Рухани жаңғыру» Сараптама кеңесінің төрағасы болды.
2017 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістік құрудағы рөлі» атты ғылыми грант жеңімпазы атанды. 2019ж. сәуір айында Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының толық мүшесі (академигі) болып, 2019 жылы 24 мамырда Қазақстан Жоғары мектебінің Ұлттық ғылым академиясының Корреспондент мүшесі болып сайланды.
Еңбек ету барысында көптеген ведомствалық және Үкіметтік наградаларға ие болды: 2014 жылы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына 75 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. 2014 жылы «ЖОО Үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын иелендім, 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты, 2017 жылы «Ы. Алтынсарин» атындағы төсбелгімен марапатталды (2017 ж.).
2009 жылы «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 75 жыл» толуына орай мерейтой төсбелгісімен марапатталды.
Қуандықов Әлібек Өсербайұлы (02.09.1954 ж.)
1976 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, 2004 жылы Ақмола технологиялар және бизнес университетін бітірді. 1990 жылдан бастап Мәскеу қаласында Ресей Басқару академиясының аспирантурасында ғылыми жұмыспен айналысты. 1993 жылдың қаңтарында кандидаттық диссертациясын қорғап, социологиялық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 2008 жылдың ақпанында докторлық диссертациясын қорғап, экономикалық ғылымдар докторы ғылыми дәрежесіне ие болды. 20 жылдан астам уақыт ғылыми-тәжірибелік қызметпен айналысады. 80 астам ғылыми еңбектің авторы болып табылады. 1995 – 1998 жж. «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Партиялар туралы», «Ғылым туралы» заңдарының, Бұқаралық спортты дамыту мемлекеттік бағдарламасының, «Қазақстан Республикасы тұрғындарының физикалық дайындығын Президенттік тестілеу туралы» Ережесінің, Қазақстан Республикасының Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының және т.б. жобаларын әзірлеуге қатысты. 25 жылдан астам уақыт мемлекеттік органдарда қызмет етті. 1977 жылдан 1990 жылға дейін Қазақстанның партиялық және мемлекеттік органдарында жұмыс істеді. 1993 жылдан 1997 жылға дейін Қазақстан Республикасының Президенті мен Премьер-Министрінің Әкімшілігінде қызмет етті. Министрдің кеңесшісі, басқарма бастығы, комитет төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды, ҚР БҒМ білім беру құрылымдарына жетекшілік етті. ҚР Президенті сайлауында Н.Ә.Назарбаевтың сенімді тұлғасы болды. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. «Құрмет» орденімен, «Ерен енбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың екі алғыс хатымен,« Ы. Алтынсарин», «Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті қызметкері» төс белгілерімен марапатталды.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор. 1972 жылы 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат аулында туған. 1995 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институты тарих факультетін аяқтап, "Тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі, тәрбие жұмысының әдіскері" біліктілігін алды, сонымен қатар, оның "заңгер" және "инженер-экономист" атты қосымша біліктіліктері бар. Мейір Ғариполлаұлы 1995 жылдан бастап жоғары мектеп жүйесінде оқытушы және ректордың көмекшісі қызмет баспалдақтарынан ректор және профессорға дейінгі еңбек жолын жүріп өтті. М.Ғ. Ескендіров 80-нен аса ғылыми және әдістемелік жұмыстың авторы, бірқатар халықаралық және республикалық академиялардың академигі болып табылады. М. Ескендіров жоғары мектеп саласындағы нәтижелі қызметі үшін Ы. Алтынсарин атындағы медальмен, "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төс белгісімен, Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің Құрмет белгісімен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталды, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жас және дарынды ғалымдарға арналған Мемлекеттік стипендиясының иегері болып табылады. 2012 жылдың ақпанынан бастап С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры.
1957 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданында дүниеге келген. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Еуразия Халықаралық экономика академиясының академигі. 2000 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінде бірқатар жылдар бойы білім және ғылым секторын басқарды. 2005 - 2006 жылдары Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінде кеңесші-елші қызметін атқарды, дипломатиялық дәреже берілді. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды. Оның бастамасымен университеттің 2009-2011 жылдарға арналған Даму стратегиясы қабылданды, Ядролық технологиялар және жаңартылатын энергетика технологиялары бағытындағы Ұлттық ғылыми ұжымдық қолдану зертханасы ашылды. 2009 жылдың қыркүйегінде ШҚМУ Болон процесі қағидаларын іске асыру үшін Ұлы Хартияның аясына біріккен әлемдегі алдыңғы қатарлы 600 жоғары оқу орны қатарына қосылды.
1951 жылы Қарағандыда дүниеге келді., химия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, сонымен қатар, ғылым мен техниканың дамуына қосқан зор үлесі үшін мемлекеттік шәкіртақының иегері. ҚР білім берудің құрметті жұмысшысы және білім үздігі, Ғылым академиясының «Ғылыми серіктестікке қосқан үлесі үшін» атты алтын медалімен марапатталған. Оның қатысуымен С. Аманжоловқа ескерткіш қойылды, А. Трунов атындағы Денсаулық орталығы, Қ. Рысқұлбеков атындағы жаттығу залы, телерадиожурналистика зертханасы ашылды, ақпараттық-байланыс технологияларды қарқынды енгізу жұмыстары жүргізілді, интернет-кафе, электрондық оқу залдары жабдықталды. Ректрдың бастамасымен дәстүрлер мен естеліктер сақтала отырып, кабинеттер, құрылымдық бөлімшелерге жоғары оқу орнының дамуына үлес қосқан университет ардагерлерінің есімі берілді.
1950 жылы Жамбыл облысы Жаңа-Троицк ауылында дүниеге келді. Техника ғылымдарының докторы, заң ғылымдарының кандидаты, ҚР Инженерлік академиясының академигі. «ҚР білім берудегі еңбек сіңірген жұмысшысы», «Білім үздігі», «Алтын барыс» сынды марапаттаулардың иегері. Қазақстан Республикасы Халықтары Ассамблеясының білім беру саласындағы серіктестік бойынша, ТМД Кеңесінің мүшесі. Жоғары оқу орнына кезекті аккредиттеуді дайындаудың ұйымдастырушысы болған. Ғылыми-зерттеу орталықтарының жұмысын жүйелендірді, институттарды факультет мәртебесіне көшірді. Студенттердің мәселелеріне көп көңіл бөлді: студенттік «сейсенбіні» енгізді, Жастар саясаты бойынша комитет басшысын студенттер арасынан сайлады. Кітапхана көптеген жаңа кітаптарды алу мүмкіндігіне ие болды.
1950 жылы Қырғыз КСР, Ош облысында дүниеге келді. Техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Жоғары мектебі мен Инженерлік академияның академигі. ҚР білім саласындағы үздік қызметкері, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», сонымен қатар «ҚР инженерлік ісінің дамуына қосқан үлесі үшін» белгісімен марапатталған. Жоғары оқу орнының даму бағдарламасын жасау ісінің бастамашысы болған, сол бастама арқылы университеттің қаржылық қызметі тұрақталды. Оқу үрдісін жаңашыл білім технологиялары негізінде жаңғыртуға, маман даярлаудың сапасына, ғылыми-педагогикалық кадрлардың әлеуетін нығайтуға көп көңіл бөлді. Белсенді түрде кредиттік жүйені енгізді, материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатымен физикалық, химиялық зертханалар жабдықтады, криминалистикалық орталық ашты. Жас ғалымдарға арналған грантттар тағайындалып, бірінші рет жазғы тілдік іс-тәжірибе өткізілді. Халықаралық байланыс нығайтылды. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту бойынша тәжірибе жасалынды. ШҚМУ-ға С. Аманжолов есімі берілді.
1937 жылы Астрахань облысы, Калинино ауылында дүниеге келді. ҚР ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор. Казақстан Республикасының білім министрі, ҚР Үкімет мүшесі, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылымының депутаты (1993-1995). Өскемен қаласының құрметті азаматы, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ құрметті ректоры; Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері. Президент пен Үкіметтің қолдауын тапқан және тәжірибеге енгізілген білім беруді реформалаудағы инновациялардың авторы. Оның бастамасымен 1991 жылы Өскемен педагогикалық институты Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті болып өзгертілді, ол ҚР-дағы үшінші және Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейінгі бірінші университет болды. Республикада халықаралық серіктестік негізіндегі бірінші – ҚАЕУ құрды. Қазақстан Республикасында тестілеу жүйесін, үш тілде оқытуды, үздіксіз көп сатылы білім беру жүйесін енгізудің бастамашысы болды, бұл бастама арқылы республикада ШҚМУ бірінші болып магистрлер мен бакалаврларды дайындай бастады. Ғылыми зерттеулерді дамытты, материалдық базаны нығайтты: университет бірнеше ірі ғимаратқа ие болды, Сібе көлінде оқу-ғылыми-өндірістік кешен салынды; ӨПИ меншігіне «Панкратьев бағы» атты бақ шаруашылығы берілді. ШҚМУ Университтердің еуразиялық ассоциациясы мен «Сібір ашық университеті» ассоциациясына мүше болды. Моңғолияда ШҚМУ филиалы ашылды.
1955 жылы ШҚО, Самар ауданында дүниеге келді. Педагогика ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, Акмеология ғылымдарының халықаларық академиясы мен Әлеуметтік ғылымдар қазақ академиясының академигі, ҚР Жоғарғы мектебі ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі. Оған «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. «Бакалавар-магистр» көп сатылы білім алу жүйесі бойынша одақтық маңызы бар эксперименттің ұйымдастырушысы мен басшысы. 1994 жылы ШҚМУ базасында Ресей мен Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары ректорларының кеңесі өткізіліп, ғылыми-педагогикалық мамандарды біріге даярлау бойынша «келісімшартқа» қол қойылды. Екі елдің басшылары Н. Назарбаев пен Б. Ельцинге екі елдің жоғары білім саласындағы интеграциялық үрдістерді жылдамдатуға ықпал ету қажеттілігі туралы өтініш қабылданды, бұл шара Ресеймен тікелей шекараласатын Шығыс Қазақстан үшін өте маңызды болып табылады. Сонымен қатар, ол ШҚМУ-дың жанында ашылған Халықаралық экономика, құқық және гуманитарлық ғылымдардың жоғарғы колледжінің (ҚАЕУ) ашылуына белсене қатысты.
ШҚО, Таврия ауданы, Қарақұдық мекенінде дүниеге келді. Техника ғылымдарының кандидаты, профессор. Қаз КСР Жоғары мектебі мен ҚР еңбек сіңірген жұмысшысы. Физикалық химия бойынша қазақ тіліндегі тұңғыш оқулықтың авторы. «ШҚМУ құрметті профессоры» (1993), «ШҚМУ құрметті ректоры» (1999). Ұлы Отан соғысына қатысушы. «Құрмет белгісі», «Қазан революциясы» ордендерімен және медальдармен марапатталған. Ректорлық қызметті ширек ғасыр атқарған басшы ретінде танымал. Осы уақыт аралығында ғылыми орталықтардан алыс жатқан шалғайдағы жоғары оқу орны Қазақстандағы алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының біріне айналды: 1975 жылы бірінші дәрежелі жоғары оқу орны болса, 1982 жылы КСРО-ның он үздік жоғары оқу орындары қатарына қосылды. Қысқа уақыт аралығында оқу орнының 30 Гвардиялық дивизия көшесінде орналасқан бас ғимараты іске қосылды, 2200 орынға 4 жатақхана, профессорлық-оқытушылар құрамы үшін 105 пәтерлі тұрғын үй, асханалар, дәрігерлік орталықтар, жүзу бассейні және тағы басқалары салынды. Профессорлық-оқытушылар құрамының сапасы артып, ғылыми бағыттар мен мектептер дами бастады, жаңа факультеттер мен кафедралар ашылды. Кеңес Одағының алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатылды. Жұмаш Кәрімұлы - физикалық химия бойынша қазақ тіліндегі тұңғыш оқулықтың авторы. Оның ғылыми қызығушылығы кристаллдар теориясын зерттеуге, Қаратау фосфориттерін тиімді және толық пайдалануға бағытталды. ӨПИ материалдық базасын және жоғары деңгейлі кәсіптік мамандар командасын құрған ректор Ж.К. Увалиевтің ерен еңбегі мен көрнекті ұйымдастырушылық қабілеттері институттың университетке айналуына негіз болды.
1904 жылы Ақмола губерниясы, Көкшетау уезінде, дүниеге келді. Педагогика ғылымдарының кандидаты, психология кафедрасында доцент, 1924-1929 жылдары Ташкенттегі Орта Азиялық университеті шығыс факультетінің педагогикалық бөлімшесін бітірді. Ауыл бастауыш мектебі мұғалімі отбасынан шыққан. 1946 жылы Қаз КСР Жоғары Кеңесінің «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Педагогикалық институттар мен университеттер үшін қазақ тілінде психология бойынша тұңғыш оқулық басып шығарды. Жоғары оқу орнының дәстүрлерін қолдады және нығайтты, жақсы ұйымдастырушы ретінде танылды, оның тұсында Өскемен педагогикалық институты педагогтарының негізі қаланды, 440 орынға жатақхана салынды. Және институт республикада танымал бола бастады.
1916 жылы Татар АКСР-де дүниеге келген, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, математика кафедрасының меңгерушісі. Ауыл мұғалімінің отбасынан шыққан, 1940 жылы Казань қаласының Ленин атындағы университетті бітірді. Ұлы Отан соғысы басталғанда 8-ші Гвардиялық Панфилов дивизиясының құрамында болып, ауыр жараланды. Жауынгерлік Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталды. Қызмет еткен жылдары жаңадан ашылған жоғары оқу орны үшін білікті маман кадрларды іріктеуге көп көңіл бөлді. Оның өтініші бойынша ҚазМУ мен ҚазПИ-дан ең үздік математик түлектер жіберілді.
1903 жылы Алтай губерниясы, Змеиногорск уезінде дүниеге келді. 1920 жылы Алтай губерниялық алғашқы мұғалімдер курсын, 1939 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық институттың сырттай бөлімін тамамдаған. ҰОС ардагері, Ұлы Отан соғысында екінші дәрежелі және Қызыл Жұлдыз ордендерімен, «Германия және Жапонияны жеңгендігі үшін», «Будапештті алғаны үшін», «Праганы азат еткені үшін» медальдарымен және Сталиннің 11 алғыс хатымен марапатталған. Жоғары ұйымдастырушылық қабілеттерінің арқасында жаңа шығармашылық ұжымды қалыптастыру, жоғары оқу орнының қалыптасуы жағдайында қаржы және тұрмыстық мәселелерді шешу үшін еңбек сіңірді.