Әдістемелік жұмыстар
Жыл сайын кафедра оқытушылары жоғары мектеп мәселелері бойынша өткізілетін жалпы университетшілік әдістемелік семинарларды ұйымдастыруға ат салысты. Кафедра оқытушылары университет ішінде, сондай-ақ жоспарға сәйкес басқа университеттерде біліктілігін арттыру курстарынан өтеді және сол бойынша әдістемелік семинар және шебер-сыныптар өткізеді.
Кафедрада 2018-2019 оқу жылының жоспары бойынша осы оқу жылында келесі әдістемелік семинарлар өткізілуде:
ӨТКІЗІЛУ УАҚЫТЫ | ЖОСПАРЛАНҒАН ІС-ШАРАЛАР | ОРЫНДАЛУЫНА ЖАУАПТЫ |
---|---|---|
ҚАраша 2018 ЖЫЛ | «Жаңартылған мазмұнды білім беру бағдарламалары» шебер-сынып | Тукушова А.Е. Кумашев Р.Т. |
ЖЕЛТОҚСАН 2018 ЖЫЛ | «Студенттерді оқытуда 7 модульді қолдану» әдістемелік семинар | Кабдрахманова З.Г. |
наурыз 2019 ЖЫЛ | Облыстық олимпиада кезінде орта мектеп мұғалімдеріне семинар өткізу | Садвакасова А.К. |
қаңтар 2019 жыл | Проблемы разработки массовых открытых онлайн курсов | Сыздыкпаева А.Р., Тлебалдинова А.С. |
Жоғарыда аталған әдістемелік семинар мен шебер-сыныптар өз дәрежесінде, семинарға қатысушылар қажетті ақпараттарды естіп қана қоймай, сонымен бірге тиімді жақтарын атап өтуде.
Кафедраның элективті пәндерін әдебиеттерімен қамтылуын арттыру және қазіргі білім саласындағы өзекті тақырыптарды білім беруде қарастыру мақсатында оқу және оқу әдістемелік құралдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалуда. Соның ішінде:
- «Білім берудегі робототехника» (Тукушева А.Е. авторлық бірлестікте);
- «Бұлттық технологиялар» (Садвакасова А.К. авторлық бірлестікте);
- «An introduction to scientific research and technologies transfer (with case studies in R)» (Нугуманова А.Б.).
Соңғы 3 жылы ішінде профессорлық-оқытушылық құрамы 3 монография, 9 оқу құралын, 1 практикум, 5 әдістемелік нұсқаулықтарын университет баспасынан шығарып оқу үрдісіне қолдануда.