Кафедраның жетістіктері
2014 жылы 5В060600, 5В011200 –Химия және магистратураның 6М060600, 6М011200-Химия мамандықтары аккредитация, сертификация және сапаны қамтамасыз ету институтының халықаралық аккредитациясынан өтті.
ASIIN (Германия) Техникалық Комитетінің мамандандырылған аккредитациясының нәтижесі бойынша 5В060600, 5В011200-Химия білім бағдарламалары халықаралық стандарттар талаптарына сай болып шықты. Евробакалавр және евромагистрға 5 жылдық мерзімге сертификат берілді.
2015 жылдың қарашасында химия кафедрасы 5В060600-«Химия», 5В011200-«Химия» және 6М060600, 6М011200 – Химия мамандықтары бойынша мемлекеттік аттестациядан өтті. Мониторинг нәтижесі бойынша бітіруші курстардың түлектері 5В060600-Химия - 85,71%, орташа балл – 3,43; 5В011200- Химия - 100%, орташа балл – 3,29 жинады.
ҚР БжҒМ комиссиясының қорытындысы бойынша 5В060600-Химия, 5В011200-Химия, 6М060600-Химия мамандықтары аттестациядан өтті. 6 айдан кейін қайта тексеруден кейін 6М011200-Химия аттестациядан өтті.
Кафедраның материалдық-техникалық базасы «Университетті дамыту бағдарламасы» есебінен жақсарып келеді. Магистранттарды бағыт бойынша дайындауға жақсы материалдық-техникалық базасы бар. Жалпы және оқу ауданы нормативке сай. Оқу процесін сапалы түрде ұйымдастыруға химия кафедрасына бекітілген арнайы зертханалар жұмыс істейді. Аудиторлық және оқу-зертханалық фонд студенттер мен магистранттардың контингентіне сай.
2015 жылы заманауи жиһаздар мен құрал-жабдықтармен жабдықталған № 417 фитохимия зертханасы ашылды. Зертхана жетекшісі профессор, б.ғ.к. Мырзағалиева Анар Базаровна. Оның жетекшілігімен бұл зертханада магистранттар мен студенттердің дипломдық және магистрлік жұмыстарының эксперименттік бөлімі, сонымен қатар, мелекеттік бюджеттік және шаруашылық келісілген тақырыптар бойынша жұмыстар жасайды. Кафедраға 7 дәрісхана, 11 химиялық зертхана, 2 ғылыми-зертханалық зертхана бекітілген. 3аудитория - № 411, № 429А, № 430 интербелсенді тақтамен жабдықталған.
2017 ж. Мамыр айында химия кафедрасының студенттері ҚазҰУ базасында 5В060600 – «Химия» мамандығы студенттері үшін өткізілген Республикалық олимпиадаға қатысты. Команда құрамына 5В060600 – «Хими»я мамандығының 2,3 курс студенттері Сағдоллина Н., Қадырова А., Қабиева А. кірді. Топ жетекшісі – кафедра доценті, п.ғ.к. Тантыбаева Б.С. Нәтижесінде химия кафедрасының студенттер командасы 3 орын иеленді. Сағдоллина Н. жеке сынақтан 2 орынға ие болды. Студенттер мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды. ҚР БҒМ білім Министрі Сағадиев Е. біздің студенттерге 3 иеленгендері үшін арнайы мақтау қағазын жіберді.
5В011200 – «Химия» мамандығының студенті Коротков А. Химиялық және химиялық емес мамандықтар арасында химиядан өткізілген жоғарғы оқу орындары арасында өткізілген олимпиада 3 орынды иеленіп, мақтау қағазы және 30 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.
ОЖСБ (ВОУД) нәтижесі бойынша бітіруші курс студенттері тестіленген пәндер бойынша жақсы нәтиже көрсетті. 5В011200 – «Химия» мамандығы студенттерінің көрсеткіші – 105,6; 5В060600 – «Химия» мамандығы студенттерінің көрсеткіші – 110,5.
2017 ж. сәуір – мамыр айларында доцент Попова М.В. ғылыми іс – тәжірибеден өту үшін шетелге Грецияға, Солонники қаласына іс – сапарға барып қайтты.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ жаратылыстану және технологиялар факультеті химия кафедрасының 2018-2019 жылғы жетістіктері
Кафедра құрамында 18 оқытушы, оның 12 – сі штаттық, 2 – еуі қосалқы атқарушылар. Ғылыми дәрежелері бар оқытушылар саны – 8. Химия кафедрасының ғылыми дәрежесі 67% құрайды. Кафедрада химия мамандығы бойынша 2 химия ғылымдарының кандидаты – Аубакирова Р.А., Абылкасова Г.Е., 4 педагогика ғылымдарының кандидаты – Тантыбаева Б.С., Шаихова Б.К., Даутова З.С., Афанасенкова И.В., 2 PhD – Ныкмуканова М.М. мен Абилев М.Б. жұмыс жасайды.
2018 жылдың 21 мамырынан 26 мамырына дейін Техас (АҚШ) университетінің химиялық инженерия кафедрасының профессоры Нұршат Нурадже студенттерге, магистранттарға, кафедра оқытушылары мен қызметкерлеріне «Материалтану ғылымы» тақырыбында дәріс оқыды.
2018-2019 оқу жылында 5В012500 - Химия-Биология және 6D060600 – Химия мамандықтары ашылды. Аталған мамандықтарға 4 докторант, 49 студент қабылданды.
2018 жылдың 23-24 қарашасында «Қазіргі замандағы ғылым және білімнің дамуындағы тенденциялар» «Уәлиев оқулары-2018» халықаралық ғылым-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылып, өткізілді. Конференция аясында келісімшарттар негізінде Стамбул медицина ғылымдары университеті (Стамбул қ. Түркия), Алтай мемлекеттік университеті (Барнаул қ., РФ), Сібір мемлекеттік телекоммуникация және информатика университеті (Новосибирск қ., РФ), Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университеті (Алматы қ.), С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Астана қ.) ғалымдары мен білім алушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
2018 жылдың 18 қарашасы мен 14 желтоқсаны аралығында Стамбул медицина ғылымдары университетінің (Стамбул қ. Түркия) профессоры Ахмет Бейатли «The importance of taxonomy in medicinal and aromatic plants research», «The Importance of Ethnobotany», «Anti-diabetic medicinal plants» тақырыбына студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушыларға дәріс оқыды.
2018 жылдың 26 қарашасы мен 14 желтоқсан аралығында Акита университетінің (Акита, Жапония) профессоры Масахико Бешо «General Introduction», «Supply and Demand of Energy Resources», «Future of Primary Energy Resources», «Environmental Issues related to Mining Development» тақырыбына студенттер, магистранттар, доктаранттар және оқытушыларға дәріс оқыды.
2018 жылдың желтоқсан айында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті химия және химиялық технологиялар факультетінің доценті, химия ғылымдарының кандидаты Ескалиева Б.К. «Табиғи қосылыстар химиясы» тақырыбында іскерлік сабақ жүргізді.
2019 жылдың 21 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында химия кафедрасының студенттері, магистранттары және докторанттары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технологиялар факультеті табиғи қосылыстар кафедрасында өндірістік іс-тажірибеден өтіп, ғылыми жұмыстарының тәжірибелік бөлімін орындады.
2019 жылдың 20 ақпанында қала және облыс мектептерінің 8-10 сынып оқушылары арасындағы химия пәнінен юниорлар олимпиадасы ұйымдастырылып, өткізілді.
2019 жылдың 21 ақпанында қала және облыс мектептерінің 11 сынып оқушылары арасындағы химия пәнінен аймақтық олимпиада ұйымдастырылып, өткізілді.