Қылышқанов Манарбек Қалымұлы
"Университеттің үздік оқытушысы-2006"
"Университеттің үздік оқытушысы-2017"
Қызметі, дәрежесі, атағы:
АКТД директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор
Диссертация тақырыбы, қорғаған жері, күні:
«Концентрленген энергия ағындарының әсеріне дейінгі және кейінгі материалдардың беттері мен композиттік жабындардың құрылымын және физика-маханикалық қасиеттерін зерттеу». Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Физика-техникалық проблемалар және материалтану институтында, 2011 жылы.
Ғылыми жетістіктері:
- 200-ден астам ғылыми және әдістемелік еңбектердің авторы, соның ішінде 150-ден астам ғылыми мақала, 10 оқу құралы, 10 авторлық куәлік, 5 монография, импакт-факторы бар ғылыми журналдарда 10-нан астам мақала.
- Thomson Reuters және Scopus бойынша Хирш индексі 5.
- 2018 жылдан бастап ҚР Ұлттық Ғылыми Кеңесінің сарапшысы.
- «Үздік адамдар» дипломы, Халықаралық энциклопедия, Мәскеу, 2013 ж.
- Жас ғалымдарды қолдауға арналған Қазақстан Республикасы Президентінің гранты, 2002.
- 50-ден астам Халықаралық ғылыми симпозиумдар мен конференцияларға қатысқан.
- Екі мәрте «Университеттің үздік оқытушысы-2006», «Университеттің үздік оқытушысы-2017» грант иегері.
- ҚР Менеджмент басқару академиясының академигі.
Соңғы бес жылдағы дәреже көтеру:
10-нан астам ғылыми халықаралық және республикалық конференциялар мен симпозиумдарға қатысып, білім беру менеджменті, кадрларды іріктеу, университеттің дербестігі және білім беруді интернационалдандыру бойынша 5 сертификаты бар.
Басшылығымен қорғалған магистрлер, кандидаттар, докторлар саны: Бір ғылым кандидаты, 2010 ж.
Марапаттар:
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісі, 2014, «Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін» мерейтойлық медалі, 2008 ж.