Магистранттарға арналған ақпарат
6М011100 – Информатика мамандығы бойынша білім берудің мақсаты
6М011100 – Информатика мамандығы бойынша білім берудің негізгі мақсаты болып табылады:
- қазіргі заманғы білім беру үрдісінде кәсіби пәндерді оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
- білім беру саласындағы ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауда, жоғары оқу орындарында ғылыми-педагогикалық қызмет құзыреттілігін қалыптастыру.
1. Мамандық және қызмет түрлерінің атауы
Аталған білім беру бағдарламасын бітірушіге 6М01100 – Информатика мамандығы «АТ-дағы білім сапасын бағалау және мониторинг», «Информатика пәні бойынша ғылыми-білім беру үрдісін ұйымдастыру» оқыту траекториясы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесі беріледі және келесідей лауазым иесі бола алады:
- орта мектептерде информатика мұғалімі, колледж және ЖОО-да оқытушы;
- білім беру саласында IT-маманы, білім беру мекемесінде IT-менеджер.
2. Білім беру бағдарламасы бітірушілерінің біліктілік сипаттамасы
2.1 Кәсіби қызмет аясы
6М011100 – Информатика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі өзінің білім беру саласындағы кәсіби қызметін жүзеге асырады.
2.2 Кәсіби қызмет нысандары
6М011100 – Информатика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі кәсіби қызметінің объектілері болып табылады:
- меншік нысаны мен ведомстволық бағыныштылыққа тәуелсіз барлық орта, орта-кәсіптік, жоғары білім берудің типтері мен түрлері;
- ғылыми-зерттеу мекемелері мен білім беруді ақпараттандыру орталықтары;
- өз қызметтерінде компьютерлік технологияларды пайдаланатын, әртүрлі меншік нысанындағы білім беру жүйесінің мекемелері.
2.3 Кәсіби қызмет түрлері
6М011100 – Информатика мамандығы бойынша педагогика ғылымдар магистрі төмендегідей кәсіби қызметтің түрлерін атқара алады:
- білім беру (педагогикалық);
- оқыту-технологиялық;
- әлеуметтік-педагогикалық;
- ғылыми-зерттеу;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық.
6М060200 – Информатика мамандығы бойынша білім берудің мақсаты
6М060200 – Информатика мамандығы бойынша білім берудің негізгі мақсаты болып табылады:
- жаратылыстанудың өзекті мәселелері, ғылыми танымның заманауи үрдістері туралы түсінік қалыптастыру;
- ғылыми таным дамуындағы заманауи үрдістері; жаратылыстану ғылымдарының әдістемелік және философиялық өзекті мәселелері; жаһандану үрдісінің социалды-экономикалық салдары мен қайшылықтары туралы білім қалыптастыру;
- ғылыми зерттеудің мәнмәтінінде идеяларды қолдану дағдыларын қалыптастыру; үрдістер және оқиғаларды талдау тәсілдеріндегі бар тұжырымдамаларды сын көзімен талдау.
1. Мамандық және қызмет түрлерінің атауы
Аталған білім беру бағдарламасын бітірушіге 6М060200 – Информатика мамандығы «Бағдарламалық инженерия», «Компьютерлік үрдістер мен жүйелерді үлгілеу» оқыту траекториясы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесі беріледі және келесідей лауазым иесі бола алады:
- IT-технологиялар маманы, IT бөлімінің инженер-бағдарламалаушысы;
- техник-программист, жүйелік администратор, ЖОО-да оқытушы.
2. Білім беру бағдарламасы бітірушілерінің біліктілік сипаттамасы
2.1 Кәсіби қызмет аясы
6М060200 – Информатика мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі өзінің білім беру және өндіріс саласындағы кәсіби қызметін жүзеге асырады.
2.2 Кәсіби қызмет нысандары
6М060200 – Информатика мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі кәсіби қызметінің объектілері болып табылады:
- меншік нысаны мен ведомстволық бағыныштылыққа тәуелсіз барлық орта, орта-кәсіптік, жоғары білім берудің типтері мен түрлері;
- ғылыми-зерттеу мекемелері мен білім беруді ақпараттандыру орталықтары;
- компьютерлік технологияларды пайдаланатын әр түрлі меншік нысандары.
2.3 Кәсіби қызмет түрлері
6М060200 – Информатика мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі төмендегідей кәсіби қызметтің түрлерін атқара алады:
- ғылыми-зерттеу;
- нақты пәндік аймақтарға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу (оның ішінде педагогика, психология, ғылыми-зерттеу, басқару);
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- білім беру (педагогикалық).