Skip to main content

Modal title

One fine body…

    • KK
    • RU
    • EN

 Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа

IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі
  •   Факультет жайлы
      • Оқу үрдісін ұйымдастыру
      • Ғылыми-зерттеу жұмысы
      • Тәрбие жұмысы
      • Деканат
      • Халықаралық ынтымақтастық
      • Байланыс
  •   Факультет деканы
    • Адиканова Салтанат – IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы, PhD.

      • Адиканова Салтанат 1982 жылы 15 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласында дүниеге келген, тұрмыста, бір қызы және бір ұлы бар.
      • Жалпы педагогикалық еңбек өтілі 12 жыл, ШҚУ-да 15 жыл.
      • 2000 жылы орта мектепті бітіріп, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға «Информатика» мамандығына оқуға түсті.
      • 2018 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің базасында «6D070300 Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғап, PhD дәрежесін алды.
      • 2006 жылдан бастап Салтанат Сайларбековна кәсіби еңбек жолын С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да бастады.
      • 2006 жылдан бастап С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Математикалық модельдеу және компьютерлік технологиялар» кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді.
      • 2008 жылдан 2011 жылға дейін С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Компьютерлік техника мен желіні техникалық және сервистік қамтамасыз ету» орталығының басшысы лауазымында жұмыс істеді.
      • 2011-2014 жылдар аралығында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Математикалық модельдеу және компьютерлік технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеді.
      • 2014 жылдан 2017 жылға дейін С. Аманжолов ШҚМУ тіркеу бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
      • Еңбек қызметі кезінде 2 монография шығарды, 4 оқу және 4 оқу-әдістемелік құралдың авторы.
      • Соңғы үш жылда авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы 12 авторлық куәлік алынды.
      • 40-тан астам ғылыми жұмыстардың авторы, оның ішінде: 11-і шетелде, 2 мақала нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда, Хирша индексі 1, 9 мақала ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда және 20 баяндама халықаралық конференцияларда жарық көрді.
      • 2015 жылы Люблин техникалық университетінде (Польша, Люблин қаласы) ғылыми тағылымдамадан өтті. Оның ғылыми жетекшілігімен студенттер республикалық олимпиадалар мен конкурстарда жүлделі орындарға ие болды.
      • 2020 жылдың сәуір айында оның жетекшілігімен «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 4 курс студенті Амангельдин Адилет Жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсында жеңімпаз атанды ( І. Жансүгіров атындағы ЖМУ).
      • 2020 жылдың қараша айында «Информатика» мамандығының 3 курс студенті жарқын Дидар республикалық байқауда (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) «SANALY URPAQ» номинациясында 1 орын алды.

      WorldSkills стандарты негізінде өндірістік оқыту шеберлері мен Арнайы пәндер оқытушылары арасында «Master Skills Shygys – 2020» І өңірлік чемпионатын өткізуге үлкен үлес қосқаны үшін «ШҚО білім басқармасы» ММ басшысының алғыс хаты бар. Соңғы үш жылда 20 біліктілікті арттыру сертификаты бар, олардың 2-і Coursera платформасы негізінде. COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде «С.Аманжолов атындағы ШҚМУ тәжірибесінен - қашықтықтан білім беру технологияларын (ҚБТ) қолдана отырып оқытуға заманауи әдістемелік тәсілдер» Республикалық оқыту вебинарында «Қашықтықтан оқыту арқылы білім беруде бұлтты технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану» тақырыбында баяндама жасады. 2020 жылдың тамыз айында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ПОҚ мен қызметкерлері үшін «ЖОО заманауи оқытушысының IT – құзыреті» тақырыбы бойынша тренер болып, онлайн біліктілігін арттыру курстарында дәріс оқыды. Өскемен қаласы әкімдігінің «№45 орта бейіндік мектебі» КММ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып табылады. Bilim – Orkenieti ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған 1 дәрежелі ДИПЛОМ мен "Жоғары білімнің құрметті педагогы" төсбелгісінің иегері. Д.Серікбаев атындағы ШҚУ «Автоматтандыру және басқару» және «Аспап құру» білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшесі болып табылады. ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы-2020» атағының иегері.

  •  Кафедралар
    • Биология кафедрасы

      • Кафедра меңгерушісі
      • Мамандықтар
      • Кафедра туралы
      • Байланыс ақпараты

      Экология және география кафедрасы

      • Кафедра меңгерушісі
      • Мамандықтар
      • Кафедра туралы
      • Байланыс ақпараты

      Химия кафедрасы

      • Кафедра меңгерушісі
      • Мамандықтар
      • Кафедра туралы
      • Байланыс ақпараты

      Математика кафедрасы

      • Кафедра меңгерушісі
      • Мамандықтар
      • Кафедра туралы
      • Байланыс ақпараты

      Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

      • Кафедра меңгерушісі
      • Мамандықтар
      • Кафедра туралы
      • Байланыс ақпараты

      Физика және технология кафедрасы

      • Кафедра меңгерушісі
      • Мамандықтар
      • Кафедра туралы
      • Байланыс ақпараты
  •  Байланыс
  •  Университет сайтына

You are here

Басты бет

Кафедра тарихы

Жаратылыстану факультетінің құрамында 1962 жылы «Биология» қосымша мамандығы бар «География» жаңа бөлімі ашылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі география ғылымдарының кандидаты, доцент Синютин Дмитрий Иванович болды.

1968 жылы біртұтас география кафедрасы физикалық география және экономикалық география кафедрасы болып бөлінеді. Физикалық география кафедрасында Попов Валентин Егорович, ал экономикалық география кафедрасында Хухарева Серафима Николаевна кафедра меңгерушісі болды.

1970 жылдардың соңында географиялық кафедралар қайта құрылды. 1979 жылдан бастап экономикалық география кафедрасының меңгерушісі ретінде ауыл шаруашылық ғылымдар кандидаты, доцент Кан Никифор Сергеевич тағайындалды. 1985 жылы бұл кафедра қоршаған орта және экономикалық география кафедрасы болып өзгертілді. 1980 жылы физикалық география кафедрасының меңгерушісі ретінде г.-м.ғ.к., доцент Линева Людмила Александровна тағайындалды.

1987 жылы экономикалық география және физикалық география кафедралары география кафедрасына біріктірілді. Кафедра меңгерушісі ретінде Кан Никифор Сергеевич тағайындалды.

1992 жылы география кафедрасы екі кафедраға бөлінді. География және табиғатты пайдалану кафедрасын ауыл шаруашылық ғылымдар кандидаты Б.Ж. Хамзин, ал 1994 жылдан бастап К.М.Мукина басқарды. Геоэкология және экологиялық картографиялау кафедрасының меңгерушісі 1994 жылға дейін Н.С.Кан, кейін г.-м.ғ.д., академик Дьячков Борис Александрович болды.

1997 жылы экономикалық және әлеуметтік география мен табиғатты пайдалану кафедрасының негізінде 0109 «Экология және табиғатты пайдалану» мамандығы ашылды.

География кафедрасының бірнеше рет қайта құрылуы нәтижесінде 1990 жылдардан бастап Н.С.Кан, Р.И.Гета, Р.С.Бейсембаева, Б.С. Хамзин, Г.А.Айтходжаева, О.Т.Мухамеджанов, С.К.Бейсембаева, Г.Б.Зәбенова кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

2000 ж. қырқүйек айында «Экономика және әлеуметтік география және табиғатты пайдалану», «Геоэкология және физикалық география» кафедралары бірігіп, «География және экология» кафедрасы болып біріктірілді.

2001 ж. сәуір айында «География және экология» кафедрасы «Экология және география» кафедрасы болып өзгертілді.

2003 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті ректорының 19.03.2003 №121-б жылғы бұйрығымен экология және география кафедрасы таратылып, экология жеке кафедра болып құрылды.

2008 жылы 050731 - «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» жаңа мамандығы ашылды. Университетің Ғылыми кеңесі шешімімен (11.07.2009ж. №178-п бұйрығымен) «Экология және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» кафедрасы болып ауыстырылды.

2004 жылдан бастап 2008 жылға дейін кафедра меңгерушісі ретінде А.С.Чурсин тағайындалды. 2008 жылдан 2009 жыл аралығында кафедра меңгерушісі г.ғ.к. А.Н.Логиновская болды. 2009-2011 жылдары кафедра меңгерушісі Д.А.Үмітбаева, 2011 жылдың қыркүйек айынан Ж.Т.Тоқаева болды.

Экология кафедрасын м.ғ.к, доцент Бейсембаева Сара Қабдрахмановна (2003-2004ж.ж, 2005-2007 ж.ж), м.ғ.к. доцент Садыкова Гүл-Бану Алшымбаевна (2004-2005 ж.ж), м.ғ.к. Ибраев Нұрланғазы Советқазиевич (2007), магистр Бакин Серік Асқарович (2007-2008 ж.ж), б.ғ.к. Кұрманғалиева Динара Сәлімовна (2008-2010 ж.ж.), т.ғ.к. Сейітқан Айнұр Сейітқанқызы (2010-2011ж.ж.). басқарды. 2011 жылдың шілде айынан бастап кафедра меңгерушісінің міндетін оқытушы Сәрсенбаева Гульмира Базарбайқызы атқарып келді.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі шешімімен (31.08.2012ж. №1 Хаттама) география кафедрасы экология және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі кафедрасымен біріктіріп, Экология және география кафедрасы болып өзгертілді. Кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы болып Сәрсенбаева Гульмира Базарбайқызы тағайындалды.

2013 жылдың қыркүйегінен кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы болып С.А. Бакин болып Ж.Т. Токаева тағайындалды. 2014 жылдың қыркүйек айынан кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы болып М.А. Саденова тағайындалды. 1 шілде 2016 – 31 тамызға дейін кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Идришева Ж.К. болды. 1 қыркүйек 2018 жылдан бастап кафедра меңгерушісінің м.а. болып б.ғ.д., доцент Дакиева К.Ж. тағайындалды.

Кафедра студенттері республикалық, облыстық және университет деңгейіндегі ғылыми сайыстарға, конференцияларға белсене қатысады.

Оқытушылар ғылыми және әдістемелік зерттеулерді белсенді жүргізеді, әдістемелік нұсқаулар және студенттердің оқуына қажетті басқа материалдар әзірлейді.

2010-2011 ж.ж. кафедра оқытушылары ғылыми тағылымдама өтуге Т 2.20 «Экология мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері қатарына қосылды: Сейтқан А.С. Кембридж университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, 2011-2014 ж.ж. докторантура PhD оқуын жалғастырады, аға оқытушылар Қамбарова Ж. Д және Болуспаева Л.С.- Познань қаласындағы Адам Мицкевич атындағы университетінде тағылымдамадан өтті.

2018 жылы докторантураны аяқтап, докторлық диссертациясын Жазнаева Жанат Кадырбековна мен Женсикбаева Назгуль Жанибековна сәтті қорғады. Қазіргі уақытта докторантурада Кабдрахманова Н.К., Болуспаева л. с., Құмарбекұлы с., Манапова С. С., Тергембаева Ж. Т. білім алуда.

2020 жылы кафедра НААР ұйымымен аккредиттеуден сәтті өтті.

Кафедрада даярланатын мамандықтар тізімі:

Бакалавриат мамандықтары:

6В11201 «Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі»

Оқу мерзімі:

  • күндізгі бөлім-4 жыл.

оқытудың жеделдетілген түрі:

  • жоғары білім негізінде-2 жыл;
  • техникалық және кәсіптік білім негізінде-3 жыл.

Оқуды аяқтағаннан кейін бітірушіге 6В112 «Өндірістегі еңбек гигиенасы және еңбекті қорғау» білім беру бағдарламасы бойынша қызметтер саласындағы бакалавр академиялық дәрежесі беріледі»

 

6В01506 – «География» (білім беру).

Оқу мерзімі:

  • күндізгі бөлім-4 жыл.

оқытудың жеделдетілген түрі:

  • жоғары білім негізінде-2 жыл;
  • техникалық және кәсіптік білім негізінде-3 жыл

ЖОО-да оқуды аяқтағаннан кейін мамандық түлегіне "6в01506 – География"білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры" академиялық дәрежесі беріледі.

6В01510 – «География-тарих» (білім беру).

Оқу мерзімі:

  • күндізгі бөлім-4 жыл.

оқытудың жеделдетілген түрі:

  • жоғары білім негізінде-2 жыл;
  • техникалық және кәсіптік білім негізінде-3 жыл.

Университетті бітіргеннен кейін түлек (6в01510) 6в01510 География-Тарих білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры ғылыми дәрежесін алады

6В05201 – «География» (ғылыми).

Оқу мерзімі:

  • күндізгі бөлім-4 жыл.

оқытудың жеделдетілген түрі:

  • жоғары білім негізінде-2 жыл;
  • техникалық және кәсіптік білім негізінде-3 жыл

 

5B060800 – «Экология» (ғылыми-жаратылыстану).

Оқу мерзімі: күндізгі – 4 жыл,

қысқартылған оқу формасы:

  • жоғарғы білім негізінде – 2 жыл;
  • техникалық және кәсіби білім негізінде – 3 жыл

Мамандық бойынша ЖОО оқуды аяқтағаннан кейін бітірушіге «5В060800 - Экология мамандығы бойынша жаратылыстану бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

  • 7М11201 «Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі»

Оқу мерзімі: 1 жыл, 2 жыл.

7М11201 «Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша магистратура түлегіне 7М112 «Өндірістегі еңбек гигиенасы және еңбекті қорғау» білім беру бағдарламасы бойынша қызмет көрсету саласындағы магистр/ғылым магистрі академиялық дәрежесі беріледі»

  • 7М05201– «География» (ғылыми-жаратылыстану).
  • Оқу мерзімі: күндізгі – 2 жыл.
  • 7М05201 - «География» мамандығы бойынша магистратураны бітірушіге

7М05201 – «География» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымының магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

  • 7М01506– «География» (білім беру).
  • Оқу мерзімі: күндізгі – 2 жыл.

7М01506 - «География» мамандығы бойынша магистратураны бітірушіге

7М01506 География білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдары магистрі академиялық дәрежесі беріледі.

  • 7М05202 – «Экология» (қоршаған ортаны қорғау).

Оқу мерзімі: 1 жыл, 2 жыл.

7М02502 - «Экология» мамандығы бойынша магистратураны бітірушіге «7М02502 – «Экология» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымының магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

Специальности докторантуры:

  • 8D01506 – «География» (Жаратылыстану).

Оқу мерзімі: 3 жыл.

8D01506 –«География» мамандығы бойынша докторантура бітірушісіне 8D01506 – География мамандығы бойынша PhD докторы академиялық дәрежесі беріледі.

  • Русский
  • English

© 2005-2018 Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Біздің адрес: Қазақстан Республикасы, Өскемен каласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34
Почта индексіміз: 070020 e-mail: kancelaria@vkgu.kz.
Жол жүру картасы