Skip to main content

Modal title

One fine body…

    • KK
    • RU
    • EN

 Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа

IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі
  •   Факультет жайлы
      • Оқу үрдісін ұйымдастыру
      • Ғылыми-зерттеу жұмысы
      • Тәрбие жұмысы
      • Деканат
      • Халықаралық ынтымақтастық
      • Байланыс
  •   Факультет деканы
    • Адиканова Салтанат – IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы, PhD.

      • Адиканова Салтанат 1982 жылы 15 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласында дүниеге келген, тұрмыста, бір қызы және бір ұлы бар.
      • Жалпы педагогикалық еңбек өтілі 12 жыл, ШҚУ-да 15 жыл.
      • 2000 жылы орта мектепті бітіріп, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға «Информатика» мамандығына оқуға түсті.
      • 2018 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің базасында «6D070300 Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғап, PhD дәрежесін алды.
      • 2006 жылдан бастап Салтанат Сайларбековна кәсіби еңбек жолын С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да бастады.
      • 2006 жылдан бастап С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Математикалық модельдеу және компьютерлік технологиялар» кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді.
      • 2008 жылдан 2011 жылға дейін С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Компьютерлік техника мен желіні техникалық және сервистік қамтамасыз ету» орталығының басшысы лауазымында жұмыс істеді.
      • 2011-2014 жылдар аралығында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Математикалық модельдеу және компьютерлік технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеді.
      • 2014 жылдан 2017 жылға дейін С. Аманжолов ШҚМУ тіркеу бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
      • Еңбек қызметі кезінде 2 монография шығарды, 4 оқу және 4 оқу-әдістемелік құралдың авторы.
      • Соңғы үш жылда авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы 12 авторлық куәлік алынды.
      • 40-тан астам ғылыми жұмыстардың авторы, оның ішінде: 11-і шетелде, 2 мақала нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда, Хирша индексі 1, 9 мақала ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда және 20 баяндама халықаралық конференцияларда жарық көрді.
      • 2015 жылы Люблин техникалық университетінде (Польша, Люблин қаласы) ғылыми тағылымдамадан өтті. Оның ғылыми жетекшілігімен студенттер республикалық олимпиадалар мен конкурстарда жүлделі орындарға ие болды.
      • 2020 жылдың сәуір айында оның жетекшілігімен «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 4 курс студенті Амангельдин Адилет Жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсында жеңімпаз атанды ( І. Жансүгіров атындағы ЖМУ).
      • 2020 жылдың қараша айында «Информатика» мамандығының 3 курс студенті жарқын Дидар республикалық байқауда (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) «SANALY URPAQ» номинациясында 1 орын алды.

      WorldSkills стандарты негізінде өндірістік оқыту шеберлері мен Арнайы пәндер оқытушылары арасында «Master Skills Shygys – 2020» І өңірлік чемпионатын өткізуге үлкен үлес қосқаны үшін «ШҚО білім басқармасы» ММ басшысының алғыс хаты бар. Соңғы үш жылда 20 біліктілікті арттыру сертификаты бар, олардың 2-і Coursera платформасы негізінде. COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде «С.Аманжолов атындағы ШҚМУ тәжірибесінен - қашықтықтан білім беру технологияларын (ҚБТ) қолдана отырып оқытуға заманауи әдістемелік тәсілдер» Республикалық оқыту вебинарында «Қашықтықтан оқыту арқылы білім беруде бұлтты технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану» тақырыбында баяндама жасады. 2020 жылдың тамыз айында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ПОҚ мен қызметкерлері үшін «ЖОО заманауи оқытушысының IT – құзыреті» тақырыбы бойынша тренер болып, онлайн біліктілігін арттыру курстарында дәріс оқыды. Өскемен қаласы әкімдігінің «№45 орта бейіндік мектебі» КММ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып табылады. Bilim – Orkenieti ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған 1 дәрежелі ДИПЛОМ мен "Жоғары білімнің құрметті педагогы" төсбелгісінің иегері. Д.Серікбаев атындағы ШҚУ «Автоматтандыру және басқару» және «Аспап құру» білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясының мүшесі болып табылады. ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы-2020» атағының иегері.

  •  Кафедралар
    • Биология кафедрасы

      • Кафедра меңгерушісі
      • Мамандықтар
      • Кафедра туралы
      • Байланыс ақпараты

      Экология және география кафедрасы

      • Кафедра меңгерушісі
      • Мамандықтар
      • Кафедра туралы
      • Байланыс ақпараты

      Химия кафедрасы

      • Кафедра меңгерушісі
      • Мамандықтар
      • Кафедра туралы
      • Байланыс ақпараты

      Математика кафедрасы

      • Кафедра меңгерушісі
      • Мамандықтар
      • Кафедра туралы
      • Байланыс ақпараты

      Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

      • Кафедра меңгерушісі
      • Мамандықтар
      • Кафедра туралы
      • Байланыс ақпараты

      Физика және технология кафедрасы

      • Кафедра меңгерушісі
      • Мамандықтар
      • Кафедра туралы
      • Байланыс ақпараты
  •  Байланыс
  •  Университет сайтына

You are here

Басты бет

Кафедра  тарихы

математика кафедрасы 1969 жылы құрылды. Кафедра құрылғаннан бері оны жетекші ғалымдар басқарды. Олар: физика-математика ғылымдарынын кандидаты, профессор Теут О.М., физика-математика ғылымдарының кандидаты доцент Мелентьев А.И., физика-математика ғылымдарының кандидаты Криулько С.А., физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Базарбеков А.Б.

2005 жылдың 23-қыркүйегінен кейін кафедраның қайта құрылуына байланысты алгебра, геометрия және математикалық талдау кафедралары біріктірілді. Біріктірілген кафедра математика кафедрасы деп аталып, 41 жылдық ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі бар физика-математика ғылымының кандидаты, профессор Базарбеков Ақберген Байжұманұлы басқарды.  2005 жылы «Информатика» кафедрасы «Математикалық үлгілеу және компьютерлік технологиялар» кафедрасының бөлінуі салдарынан құрылған. п.ғ.к.  С.Н. Кубентаева және т.ғ.к. Н.М. Темірбеков информатика кафедрасының  меңгеруші қызметін атқарды.

2009 жылдың 17 қыркүйегінен бастап математика кафедрасының меңгерушісі болып техника ғылымдарының кандидаты, доцент Мадияров Мұраткан Нәбенович сайланды.

2011 жылдың қараша айында «Математика» кафедрасы «Информатика» кафедрасымен бірігуі нәтижесінде «Математика және информатика» кафедрасы деп аталды. Біріккен кафедра меңгеруші қызметін т.ғ.к. М.Н. Мадияров атқаруда.

2013 жылдың қыркүйек айында кафедра қайтадан таратылып, қайтадан бұрынғы өз «Математика» кафедрасы атауына ие болды. 

2017 жылдың 12 желтоқсанынан бастап математика кафедрасының меңгерушісі болып ф.-м.ғ.к. Ергалиев Е.К. тағайындалды.

Кафедра келесі мамандықтар бойынша даярлайды:

  1. 5В060100 – Математика математика бакалавры, ғылыми-жаратылыстану бағыты.
  2. 5В010900 – Математика, математика бакалавры, педагогикалық бағыт.
  3. 6М060100 – Математика, жаратылыстану ғылымдарының магистрі
  4. 6М010900 – Математика, математика мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі 
  • Русский
  • English

© 2005-2018 Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Біздің адрес: Қазақстан Республикасы, Өскемен каласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34
Почта индексіміз: 070020 e-mail: kancelaria@vkgu.kz.
Жол жүру картасы