Кафедра тарихы
Кафедрада түлектері білім беру мекемелерінде жұмысқа орналасқандарымен қатар өндіріс орындарының ақпараттық технологиялар бөлімдерінде, ғылыми - зерттеу орталылықтарында, жеке шағын бизнес салаларында сәтті қызмет етуде. 2005 жылдың қыркүйек айынан бастап, осы уақытқа дейін КҮжАТ кафедрасының меңгерушісі болып, ҚазМУ-нің түлегі, т. ғ.к. Жантасова Жеңіскүл Зейнешқызы кафедра меңгерушісі болып қызмет етеді.
2014 жылдан бастап келесі жалпы білім беру мекемелерінде кафедраның филиалдары ашылды:
- Өскемен қаласы әкімдігінің «Оқу-өндірістік окмбинаты» КММ;
- Зайсан ауданы әкімдігінің «Көгедай орта мектебі» ҚММ;
- Өскеменқаласы №3 мектеп-гиназиясы.
2015 жылдың маусым айынан бастап кафедра атауы компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар болып өзгертілді.
Кафедрада даярланатын мамандықтар тізімі:
Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы келесі мамандықтар бойынша мамандар даярлайды.
Бакалавриат:
- 5В011100 – «Информатика»;
- 5В060200 – «Информатика»;
- 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер».
5В060200 – «Информатика» мамандығы негізінде «Компьютерлік мехатроника» эксперименталды білім беру бағдарламасы ашылды.
Магистратура:
- 6M011100 – «Информатика»;
- 6M060200 – «Информатика».
Биылғы оқу жылынан бастап Алтай мемлекеттік университетімен (Барнаул қ., Ресей Федерациясы) бірігіп 6M060200 – «Информатика» магистратура мамандығы бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда: 6M060200 Информатика, 09.04.03-Қолданбалы информатика: «Әлеуметтік және экономикалық процестерді басқарудың ақпараттық технологиялары».
Докторантура
- 6D011100 – «Информатика».
Информатика магистрі дәрежесін алған түлектер өте жоғарғы деңгейдегі дайындығын және ғылыми жұмысқа бейімділігін көрсете отырып, ары қарай 6D011100-Информатика мамандығы бойынша PhD докторантурада және де Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де мақсатты 6D070300-Ақпараттық жүйелер PhD докторантурасында ғылыми дайындығын жалғастыру мүмкіндіктеріне ие болады. Осы мамандық бойынша 2018 жылы докторантураның 1 курсына кафедрамыздың аға оқытушысы Карменова М.А. қабылданды. 2018-2019 оқу жылында кафедраның келесі оқытушылары, докторантура түлектері - Белдеубаева Ж.Т., Адиканова С. «6D070300-Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша PhD докторлық диссертациясын қорғауы жоспарланып отыр.