One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30-шы гвардиялық дивизия, 34 (№1 оқу ғимараты), каб. 121, Тел.: 8 (7232) 540-144, 540-812 Дайындық бөлімі: каб.121, Тел.: 540-144 E-mail: rostvkgu@mail.ru
Орталық жетекшісі м.а. – Раисова Арайлым Мурзабековна Педагогика және психология магистрі
Білімі
Шығыс Қазақстан университеті
Жұмыс өтілі мен тәжірибесі
Раисова Арайлым Мұратбекқызы, 1992 жылы 12 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Новоберезовка ауылында дүниеге келген.2011 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ көпсалалы колледжін "Бастауыш мектептегі шет тілі" мамандығы бойынша оқуды бітірген. 2014 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде "Шет тілі: екі шет тілі" мамандығы бойынша жоғары білім алды. 2017 жылы Омбы гуманитарлық академиясында білім магистрі дәрежесін алды.
Тарихы
2014 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша маман лауазымына қабылданды, 2017 жылдан бастап шет тілдер және аударма ісі кафедрасының оқытушысы болым табылады. 2022 жылдан бастап Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы басшысының м.а. лауазымына ауыстырылды.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы құрылымында:
– «Шығыстың алтын қоры» жоғары оқу орнына дейінгі дайындау курсы; – Шетел студенттеріне арналған дайындаубөлімі; – «Өсу орталығы» каникулдық дайындық курсы; – «Серпін» штабы – Университет түлекткрін жұмысқа орналастыру
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы:
Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығындағы шетел қазақ диаспорасы өкілдері, оралмандар мен шетел азаматтарына арналған дайындық бөлімі 14 жыл жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде дайындық бөлімінде мыңнан астам тыңдаушы білім алып, ҚР ЖОО-на оқуға түсті.
Дайындық бөлімі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұратын азаматтығы жоқ азаматтар мен шетелдіктер жалпы білім беру дайындық деңгейін көтеру үшін, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына және техникалық пен кәсіби білім беру мекемелеріне оқуға түсу үшін ұйымдастырылады.
«Серпін» штабы
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизиясы, 34 к., №1 оқу ғимараты, №133 бөлме Тел.: 8(7232)541-433,(ішкі т. 114) E-mail: Serpin2050@mail.ru
«Серпін» штабының жетекшісі – Байжұманова Лейла Төлеубайқызы
Байжұманова Лейла Төлеубайқызы базалық білімі бойынша дәрігер-гигиенист, эпидемиолог. 1987 жылы Қараганды мемлекеттік медициналық институтын бітірген. Университетте 1991 жылдан бастап еңбек етіп келеді. 1991 ж. – ТМД елдерінің экологиялық мәселелері бойынша сарапшылар комиссиясының мүшесі. 1991-2010 жж. – медициналық-профилактикалық, медициналық-биологиялық факультеті, экология және жаратылыстану ғылымдары факультетінде оқу-әдістемелік сұрақтар бойынша деканның орынбасар қызметін атқарған; 2000-2004 жж. – ШҚМУ жанында құрылған Семей медициналық университеті филиалының директоры; 2004-2008 жж. – ШҚМУ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы; 2007-2008 жж.- маркетинг және келісім шарт қатынастар бөлімінің жетекшісі; 2015-2016 жж.- ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлім бастығының м.а.; 2016 жылдан бастап – «Серпін-2050» штабының жетекшісі қызметін атқаруда. Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру мен жүзеге асыру бойынша қомақты тәжірибесі бар.
«Серпін-2050» штабы университеттің «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» жобасының жұмысын жүзеге асырушы оқу-кәсіптік бағдар орталығы, университеттің құрылым бөлімі болып табылады. Штаб «Серпін-2050» мемлекеттік жобасына басқа ҚР 19 ЖОО – мен қатар белсенді қатысудың нәтижесінде 2015 жылы құрылған. Университет еңбек ету мүмкіншілігі аз оңтүстік аймақтарынан - Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау облыстарынан келген жастарды оқыту мен еңбек орындарына жайғастыру мақсатында жүзеге асырылатын «Мәңгілік ел жастары - индустрияға»- «Серпін- 2050» мемлекеттік жобасына ат салысып алдыңғы қатарда келетіні баршаға мәлім.
«Серпін» штабының мақсаты мен негізгі міндеттері
Университет түлектерін жұмысқа орналастыру
Список сотрудников Центра: