С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің физика және технологиялар кафедрасына
ф.-м.ғ.д., Люблин университетінің профессоры (Польша, Люблин қ.) Погребняк О.Д.
халықаралық ынтымақтастық шеңберінде келуі туралы ақпарат
1. 2018 жылдың 4-сәуірінде «5В071000-Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының студенттері мен магистранттары үшін профессор О.Погребняк «Металдар мен қорытпалардың бетін модификациялау» тақырыбында дәрістер оқыды және практикалық сабақтар жүргізді.


2. 2018 жылдың 5-сәуірінде физика және технология кафедрасында халықаралық қатысуымен «Наноматериалдар: қолдану және қасиеттері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Модератор: физика және технологиялар кафедрасының меңгерушісі, профессор Қылышқанов М.К.
Дөңгелек үстелде наноматериалдар және нанотехнологиялар саласында әлемге әйгілі ғалым болып табылатын физика-математика ғылымдарының докторы, Люблин университетінің профессоры (Люблин, Польша) Погребняк О.Д. қатысты. Оның Хирш индексі 33.
Спикерлер:
1. Қантай Н.С., Қырғыз Республикасының Ғылым Академиясының аспиранты (Бішкек қ., Қырғызстан). Тақырыбы: «Жоғары вольтты ток өткізбейтін фарфорлы керамиканы алуда температураның құрылымы мен механикалық қасиетке әсерін зерттеу»;
2. Шевчук Е.П., Алтай мемлекеттік университетінің аспиранты (Барнаул қ., Ресей) тақырыбы: «Способы получения боридов железа»;
3. Сакенова Р.Е., Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, «Техникалық физика» кафедрасының PhD докторанты, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ физика және технологиялар кафедрасының аға оқытушысы. Тақырыбы: «Исследование микроструктуры и физико-механических свойств многослойных покрытий на основе Ti, Mo, Cr, N».




Дөңгелек үстелге «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «5В060500-Ядролық физика» мамандығының студенттері, сондай-ақ физика және технологиялар кафедрасының магистранттары мен оқытушылары қатысты.
Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар пікір алмасты, модератор, профессор Қылышқанов М.К. қорытындысын шығарды және дөңгелек үстелге қатысушыларға алғыс айтты.

