One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ
2003 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне тілтанушы-түрколог, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсен Аманжоловтың есімі берілді.
С.А. Аманжолов Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Егінсу аулында батырақтың отбасында 1903 жылы 27 желтоқсанда дүниеге келді.
1916 жылы Шыңғыстай орыс-қазақ орта мектебін бітірген. Семей қаласындағы педагогикалық курстарды тәмамдаған соң, 1922 - 1924 жж. ауыл мектебінде мұғалім болады. 1922 - 1924 жылдары Бұқтырма уезінде халық сот төрешісі қызметін атқарған. 1924 - 1926 жылдары Өскемендегі уездік Атқару комитетінің жауапты хатшысы болады, кейін Ташкентке оқуға жіберілген. 1930 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің педагогика факультетіне түсіп, «Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы» біліктілігін алып шықты.
Ол 1931 жылдан бастап 30 жыл бойы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтында, қызмет етті (1937 жылдың 3 желтоқсанынан бастап дүние салған күніне 1958 жылдың 28 қаңтарына дейін қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болды).
С.А. Аманжолов Ұлттық мәдениеттің қазақ ғылыми-зерттеу институтының негізін қалаушылары мен жетекшілерінің бірі болды (1934 - 1936), кейіннен бұл институт сол кезде жаңадан құрылған КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалына қосылды. 1937 жылдың желтоқсанынан бастап майданға кеткенге дейін (1942 жыл) С. Аманжолов ғылыми дәрежені алған алғашқы тіл танушы қазақ болды.
1942 жылдың ақпан айынан 1946 жылдың маусым айына дейін Кеңес Армиясы қатарында болды. Ұлы Отан соғысы жылдары орыстан басқа ұлттардың жауынгерлері арасында қоғамдық, ағартушылық және тәрбиелік жұмыстар жүргізді. 1948 жылы ақпан айында Мәскеуде «Қазақ диалектологиясының негізгі мәселелері» атты докторлық диссертациясын қорғады. 1954 жылы қарашада Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының мүше корреспонденті болып сайланды. Қазіргі кезде оның ондаған оқушылары тіл білімі саласында зерттеулер жүргізеді. С. Аманжолов сынды ерең тұлға, үлкен ғалым және елінің ұлтжанды ұлы туралы ғылыми зерттеулер бүгін де өз мәнін жоймақ емес.
2007 жылы қаңтарда университеттің 55 жылдық мерейтойына орай С. Аманжоловқа арналған ескерткіш қойылды. Мүсіннің жобасын атақты архитекторлар А.Е. Сергебаев пен Б.А. Әбішев жасады. Ескерткіштің төменгі жағына соғылған ашылған кітап түріндегі мүсін гүл шоқтарын қоюға арналған.
Ескерткіштің көркем-өнерлік және әлеуметтік мәні болғандықтан, оны 2008 жылы әзірлеген Қазақстандағы тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне қосты.
2018 жылы жоғары оқу орнында Сәрсен Аманжоловтың 115 жылдығын аталып өтті.