САПА МЕНЕДЖМЕНТІ, МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ БОЛЖАУ БӨЛІМІ
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия к., 34, (№ 1 ғимарат), 127 каб.
Тел.: 8 (7232) 54-15-29 (ішкі 122)
E-mail: omk_vkgu@mail.ru
Сапа менеджменті, мониторинг және болжау бөлімі бастығы – Ордабаева Майнур Айтказиновна,
(PhD) докторы
Бөлімнің тарихы және құрылымы:
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мамандарды даярлау сапасы талаптарын арттыру жөніндегі жоғары білім беруді дамытудың заманауи тұжырымдамасымен белгіленген стратегиялық міндеттерді орындау үшін ректор бұйрығы негізінде, Ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесіне (ҰБСБЖ) сәйкес 2006 жылдың қыркүйегінде сапа менеджменті жүйесі басқармасы құрылды. Сапа менеджменті жүйесі басқармасына үш бөлім – сапа менеджменті бөлімі, мониторинг, аттестаттау және тестілеу бөлімі және әдістемелік бөлім кірді. СМЖ тиімді жұмысы үшін және сапаны бағалауды қамтамасыз ету үшін 2008 жылдың қыркүйегі СМК мен МажТБ біріктіру жолымен Білім беру мониторингі және сапасы бөлімі (БМжСБ) құрылды.
2010 жылы университет құрылымының өзгеруіне байланысты Білім беру мониторингі және сапасы бөлімі (БМжСБ) Сапа менеджменті бөлімі (СМБ) болып өзгертілді. 2012 жылы Сапа менеджменті бөлімі Аккредиттеу және сапа менеджменті бөлімі болып өзгертілді. 2013 жылы университет құрылымының өзгеруіне байланысты бөлім Академиялық саясат және Болон үрдісінің бөлімі деп өзгертіліп, Аккредитация, мониторинг және болжау басқармасы құрамына кірді.
2014 жылы басқарма қызметінің тоқтатылуына байланысты, Академиялық саясат және Болон үрдісінің бөлімі сапа менеджменті, мониторинг және болжау бөлімі деп өзгертілді.
Сапа менеджменті, мониторинг және болжау бөлімі қызметінің мақсаттары:
– университет басшылығының сапа саласындағы саясатын іске асыру және сапаны басқару жүйесін жетілдіру;
– университет бөлімшелеріне олардың қызметінің сапасын қамтамасыз етуге және жетілдіруге көмектесу;
– университеттің және білім беру бағдарламаларының халықаралық аккредиттеуден өтуіне ақпараттық сүйемелдеу;
– университеттің сапа көрсеткіштерінің, негізгі және қосымша үрдістерінің жұмыс істеуіне мониторингтік зерттеулерін ұйымдастыру мен жүргізу.
Бөлімнің негізгі міндеттері және қызметі:
- Сапа менеджменті жүйесінің жағдайын талдау және оның қызметі жөнінде есеп дайындау;
- Сапа менеджменті жүйесінің құжаттамасын әзірлеу және өзекті ету;
- Сапа саласындағы шараларды және ұйымдастыру-өкімдік құжаттарды дайындау, олардың орындалуын бақылау;
- Басшыларға және қызметкерлерге сапаны басқару негіздерін және сапа менеджменті жүйесінің құжаттамасына қойылатын талаптарды оқытуды ұйымдастыру;
- Университет бөлімшелерінің сапа менеджменті жүйесіндегі жұмысын әдістемелік қамтамасыз ету;
- Сапа саласындағы жұмыстарды ақпараттық қамтамасыз ету, соның ішінде ректордың және проректорлардың тапсырмасы бойынша ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындау;
- Сапа менеджменті жүйесін сертификаттауға дайындау;
- Білім беру сапасына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру;
- Сапаны басқару мәселелері бойынша мекемелермен серіктестік қатынастарды орнату және қолдау;
- ПОҚ рейтингісін өткізуді ұйымдастыру және ПОҚ рейтингісінің қорытындыларын шығару бойынша құжаттар жиынтығын дайындау;
- Университеттің және білім беру бағдарламаларының халықаралық аккредиттеуден өтуіне ақпараттық сүйемелдеу;
- Қазақстандық және ТМД елдерінің ЖОО-ң динамикасын бақылау, халықаралық рейтингтің мониторингін жасау;
- С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ң стратегиялық жоспарын құрылымдық бөлімшелердің жүзеге асыруына мониторинг жасау.
Сапа менеджменті, мониторинг және болжау бөлімі мамандарының тізімі
№ | Аты-жөні | Лауазымы |
---|---|---|
1 | Ордабаева Майнур Айтказиновна | Бөлім бастығы |
2 | Жаныбекова Лтифат Токеновна | Маман |
3 | Қайырбеков Еділ Әлібекұлы | Стандарттау бойынша инженер |