One fine body…
Көру қабілеті нашар адамдар үшін нұсқа
СТУДЕНТТІК ЗАҢ КЛИНИКАСЫ
Экономика және құқық факультетінде 2008 жылы құрылған Студенттік заң клиникасы өзінің қызметін жүзеге асырады. Заң клиникасы оқу-кеңес беру органы болып табылады, оның құрамы азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедраларының қызметкерлерінен (оқытушыларынан) құралады жән
Бүгінгі таңда студенттік клиниканы азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к. Сабитова А.А. басқарады. Факультетте тәжірибелі заңгерлер жұмыс істейді, заң ғылымдарының кандидаттары Сабитова А.А., Квашин А.А. Шығыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасының қазіргі мүшелері болып табылады. Заң ғылымдарының кандидаттары Дьячук М.И., Каленова А.А., Рамазанова А.С. кәсіби медиаторлар болып табылады және Қазақстандағы кәсіби медиаторлардың республикалық тізіліміне енгізілген.
Заң клиникасы өз қызметінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің бұйрықтарын және басқа да нормативтік құжаттарын, Университет Жарғысын, заң клиникасы туралы ережені және университеттің басқа да жергілікті актілерін басшылыққа алады.
Клиника қызметінің мақсаттары болып табылады:
- Аз қамтылған азаматтарға тегін заң көмегін көрсету;
- С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің экономика және құқық факультетінің білім алушыларының тәжірибелік дағдыларын алуы;
- С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің сот және өзге де құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығын кеңейту.
Клиниканың міндеттері:
- Азаматтарға тегін заң консультацияларын алу мүмкіндігін беру;
- Білім алушыларға Құқықтану мамандығы бойынша тәжірибелік қызмет дағдыларын алу мүмкіндігін беру;
- С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің білім алушыларының сот және өзге де құқық қорғау органдарының қызметі тәжірибесінің материалдарын зерделеу және пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- С. Аманжолов атындағы ШҚМУ білім алушыларының соттардың және өзге де құқық қорғау органдарының жұмыс тәжірибесінің материалдарымен жұмыс істеу дағдысын дамыту;
- Білім алушылардың оқу тәжірибесінен өтуі үшін орындар құру;
- С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқытушыларын жергілікті сот және өзге де құқық қорғау органдарының қызметі тәжірибесінің материалдарын зерделеу және оларды дәріс, тәжірибелік сабақтар өткізуге дайындау үшін пайдалану мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету;
- Жергілікті сот және өзге де құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық орнату үшін нақты негіз құру;
- Халық, бұқаралық ақпарат құралдары және заң клиникасы арасында ақпарат алмасудың тиімді тетігін құру, бұл азаматтардың тәжірибелік мұқтаждықтарына жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Студенттік заң клиникасының ережесі
Біздің мекенжай: Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті №1 оқу ғимараты, 2-қабат, «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» кафедрасы. Байланыс телефоны: 540-149, 8-777-012-63-20. Біз әлеуметтік желілерде: Facebook Одноклассники: Юристы У-К, медиаторы У-К Instagram: forseti1109